28 Қазан, 2024
79
«Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім жолымен» халық экспедициясы» жобасы бойынша пресс-тур басталды
28 қазанда «Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім жолымен» халық экспедициясы» жобасы бойынша пресс-тур Астана-Қонаев -Түркістан бағытында басталды.
Пресс-тур аясында экспедиция мүшелері Қонаев қаласының Мәдениет үйіне барып, ҚХА Журналистер клубының көшпелі отырысына қатысты. Олар республикалық клубтың қызметімен таныса отырып, спикерлермен этносаралық келісімді нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады, өңірлік клуб мүшелерімен этносаралық салада жүргізіліп жатқан ақпараттық жұмыс туралы әңгімелесті.
Сонымен қатар, Журналистер клубының көшпелі отырысы аясында MediaNet халықаралық журналистика орталығынан келген жетекші жаттықтырушылар жергілікті БАҚ өкілдеріне семинар өткізді.
Экспедиция мүшелерінің құрамына БАҚ-тың жетекші өкілдері: белгілі тележүргізушілер (Н.Палинка, А.Тухбатова), блогерлер (А. Кан, Р. Серіков, А. Доктырбек), қазақ тілінің жанашырлары (А. Нұғұманова, А. Пимичева), сондай-ақ ЭМБ өкілдері (Р. Қайрыев, А. Бойсаев) кіргенін атап өткен жөн.
Бұдан соң пресс-турға қатысушылар Астана-Павлодар-Өскемен бағыты бойынша сапарын жалғастырады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласында «Қазақстан күрдтері: бір ел - бір тағдыр» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
-
Этномедиация саласындағы өңіраралық тәжірибе алмасу: бірлік пен келісімді нығайту
-
«Ассамблея жастары» халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Қазақстан күрдтерінің «Барбанг» қауымдастығы» РҚБ президенті және қауымдастықтың Шымкент қ. филиалының төрағасымен кездесті
-
Көкшетауда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» форумы өтті
-
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Көшбасшылар мектебі» жобасы басталды