13 Қараша, 2024
173
«Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім жолымен» халық экспедициясы» жобасы аясында II пресс-тур бастау алды
11 қарашада «Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім жолымен» халық экспедициясы» жобасы аясында II пресс-тур Өскемен қаласында бастау алды
Экспедиция барысында қатысушылар Өскемен қаласындағы Достық үйінде болып, онда Қазақстан халқы Ассамблеясының жобасымен танысып, экспедицияның мақсаттары мен міндеттері туралы ақпарат алды. Одан кейін журналистер, блогерлер және Ассамблея жастар қанатының мүешелері алғаш рет 1992 жылы Мемлекет басшысының қатысуымен іске қосылған Қазақстанда ашылған алғашқы Достық үйін аралады. Сол уақыттан бері Достық үйінде этносаралық келісім нығайып, ұлттардың тілдері, дәстүрлері мен мәдениеттері жаңғырып, қазақстандық патриотизм қалыптасуда.
Экскурсия барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері этномәдени орталықтардың қызметі туралы айтып, еліміздегі алғашқы Достық үйінің ашылуы туралы өздерінің ыстық естеліктерімен бөлісті.
Пресс-тур аясында экспедиция мүшелері сондай-ақ Этноауылға барып, XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың ортасында Шығыс Қазақстанды мекендеген түрлі халықтардың дәстүрлі тұрғын үйлерімен танысты.
Келесі аялдама «Үміт» балалар үйі болды. Мұнда экспедиция мүшелері балалармен әңгімелесіп, балалар үйінің тәрбиеленушілері дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады. Сонымен қатар, қатысушыларға садақ ату бойынша шеберлік сабағы ұйымдастырылды.
Айта кету керек, экспедиция 14 қарашаға дейін жалғасады және Өскемен мен Павлодар қалаларының этномәдени мұрасымен танысуға арналды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Жеңіс күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
«Халық әуендері» ноталар жинағының тұсаукесері өтті
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзі