Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Қараша, 2022

147

Қазақстан халқы Ассамблеясының үндеуі

Құрметті отандастар!

Қазақстан халқы Ассамблеясы барша қазақстандықтарды Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының кезектен тыс президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтайды.

Бұл жеңіс Қазақстанның ауқымды қайта құрулары мен жаңғыруына жол ашты, елдің саяси жүйесінің дамуындағы жаңа кезеңін белгіледі.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеңісі, ең алдымен, көп ұлтты халқымыздың бірлік пен келісім қағидаттарының жеңісі екеніне терең сенімді.

Мемлекет басшысы өткен жылдардағы қызметімен өзінің барша қазақстандықтардың Президенті екенін айқын және нақты көрсетті, өз саясатында әрбір азаматтың терең де түбегейлі мүдделерін жүзеге асырып келеді!

Президенттік реформалар 5 маусымда өткен бүкілхалықтық референдумда халық сенімінің ең жоғары мандатын алды және Мемлекет басшысын сайлаудың нәтижесі оларды жүзеге асырудың маңызды кезеңдерінің бірі болды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы барша азаматтарды Президенттік реформалар бағытын табанды түрде жалғастыруға, оларды халқымыздың игілігі мен еліміздің гүлденуі жолында табысты жүзеге асырудың басты шарты ретінде бірлік пен келісімді нығайтуға шақырады!

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі

Астана қаласы, 2022 жылдың 21 қарашасы


Кейін қарай