Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Шілде, 2024

132

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Лугмар Буларов Жамбыл облысы Шу ауданында ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» атты арнайы жобасын жүзеге асыруда

Жоба аясында Лугмар Буларов ҚХА Хатшылығымен, Жамбыл облысының әкімдігімен, «Қоғамдық келісім» КММ-мен бірлесіп халыққа мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелердің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Жобаның идеологемасы Әділдік пен Жауапкершілік жалпыұлттық құндылығына негізделген.

Жобаның мақсаты - этномәдени орталықтарды қоғамдағы сенім мәдениетін дамытуға тарту болып табылады.

Шу ауданы әкімдігінің, халыққа қызмет көрсету орталығының, денсаулық сақтау жүйесінің, мобильді еңбек орталығының қызметкерлерімен сенім мәдениетін, жалпыұлттық құндылықтарды, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты ілгерілету, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту бойынша кездесулер өткізілді.

Жоба Жамбыл облысында пилоттық режимде іске асырылуда. Оны барлық өңірлерде кеңейту жоспарланып отыр.

Кейін қарай