Қазақстан халқы Ассамблеясы

07 Шілде, 2024

279

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Ұлттық домбыра күніне орай құттықтауы

Құрметті достар!

Жыл сайын шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні атап өтіледі. Домбыра – халқымыздың байлығы мен құндылығы.

ҚХА мүшелері Қазақстанның мәдени мұрасын дәріптеушілер ретінде осы күндері домбыраға арналған 130-ға жуық іс-шара ұйымдастырды. Челлендждер, байқаулар мен акциялар, күйлер мен әндер орындалған концерттер өткізілді. Ассамблея жастары тұрғындармен ұлттық аспаптарға қатысты викториналар өткізді.

Баршаңызға мереке құтты болсын! Игі мереке жалғасын тауып, ұрпақтан-ұрпаққа берілетініне сенемін.

Ұлы даланың әсем әуені қазақстандықтарды шаттыққа бөлей берсін!


Кейін қарай