
30 Тамыз, 2022
211
Қазақстан халқы Ассамблеясы Сіздерді Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтайды!
Құрметті қазақстандықтар!
Қазақстан халқы Ассамблеясы Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтайды!
Мемлекетіміздің негізгі Заңында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделінің құқықтық негізі сәтті іске асырылған. Конституция түрлі этностардың өкілдері достық пен келісімде, ортақ мақсаттар мен біртұтас болашақты құру мақсатында өмір сүретін мемлекетті құру үшін берік негіз болды.
Ағымдағы жыл біздің мемлекетіміз бен қоғам өміріндегі сыни сынақтармен және тағдыршешті өзгерістермен есте қалды.
Қазақстандықтар жалпыреспубликалық референдумда өздерінің ерік-жігері мен прогреске және жаңаруға деген ұмтылысын білдіре отырып, Мемлекет басшысының бастамасымен еліміздің негізгі Заңына енгізілген түзетулерді қолдады.
Жаңартылған Конституция саяси жүйені ауқымды ырықтандыру, мемлекет пен қоғам арасында жаңа қатынастарды қалыптастыру, азаматтардың құқықтарын кеңейту үшін берік іргетас болып табылады және Жаңа Қазақстанның іс жүзінде құрылуы мен Екінші республиканы құрудың бастауы болды.
Жаңартылған Конституция мерекесін қарсы ала отырып, біз бәріміз бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүру, Қазақстан халқының барлық алуан түрлілігіндегі бірлігі мен тұтастығын нығайту, азаматтық жауапкершілікті, адамдардың әл – ауқатын арттыру, қоғамдағы тұрақтылықты сақтау сияқты басты мақсатымыздың тереңдігі мен маңызын терең түсінеміз.
Осы мереке күні барлық қазақстандықтарға шын жүректен бейбітшілік, табысты жетістіктер мен амандық тілейміз! Сіздердің үйлеріңізде бейбітшілік, келісім мен береке орнасын.
Құрметпен,
Қазақстан халқы Ассамблеясы
Ұқсас жаңалықтар
-
ЕҢБЕК КҮНІМЕН!
-
ҚАРАҒАНДЫДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXVI СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Халық партиясымен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды
-
ОТБАСЫ КҮНІМЕН!
-
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ МЕН ТҮРКСОЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМЫ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
-
ҚХА-ның кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының жүзеге асырылу барысы талқыланды
23 Қыркүйек, 14:38
ШЫМКЕНТТЕ ӨЗБЕК МӘДЕНИЕТІНІҢ КҮНДЕРІ АТАП ӨТІЛДІ
22 Қыркүйек, 17:26
Республикалық әдістемелік кеңесінің онлайн-отырысы
20 Қыркүйек, 22:04
Ғылыми-сараптамалық қоғамдастық этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың жай-күйі мен перспективаларын талқылады
19 Қыркүйек, 19:18
ҚАРАҒАНДЫДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXVI СЕССИЯСЫ ӨТТІ
22 Қыркүйек, 20:04
ОРАЛДА «ҚХА ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ ЖӘНЕ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БІРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ РӨЛІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
Ұқсас жаңалықтар
-
ЕҢБЕК КҮНІМЕН!
-
ҚАРАҒАНДЫДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXVI СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Халық партиясымен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды
-
ОТБАСЫ КҮНІМЕН!
-
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ МЕН ТҮРКСОЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМЫ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
-
ҚХА-ның кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының жүзеге асырылу барысы талқыланды