Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Наурыз, 2022

129

Қазақстан халқы Ассамблеясы Наурыз мейрамымен құттықтайды

Құрметті отандастар!

Күн мен түн теңесіп, халқымыздың рухани қазынасы, еліміз болашағынан зор үміт артатын Наурыз мейрамы келіп жетті.

Жаңарған дүние жанымызға жаңа серпін беріп, жылулығын сыйлайды. Сол жарық пен жылулық енді міне Наурыз мерекесіне ұласты.

Бүгінгі таңда бұл жаңару біздің еліміз үшін Мемлекет басшысы жария еткен Жаңа Қазақстанның мемлекеттік құрылысының жаңа кезеңінің басталуын белгілейтін саяси реформалар бағдарламасынан айқын көрінісін тапты.

Қазір біз бәріміз жақсы жаққа қарай ауқымды өзгерістердің алдында тұрмыз. Сондықтан біздің ортақ үйіміз – жаңа Қазақстанның жарқын болашағы үшін халқымыздың ынтымағы мен бірлігі бұрынғыдан да аса қажет.

Бұл бағытта табиғаттың оянуын, тіршіліктің жандануын, рухани өрлеуді бейнелейтін Наурыз мейрамы ел дамуының жаңа бастауына ықпал етері сөзсіз.

Ұлыстың Ұлы күні әр шаңыраққа көктемнің көтеріңкі көңіл-күйімен, мол дастарқанымен, шексіз қуанышымен кірсін.

Сіздерге шын жүректен мықты денсаулық, отбасылық береке, жақсылық пен бақыт тілейміз!

Қазақстан халқы Ассамблеясы


Кейін қарай