Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Қыркүйек, 2024

70

Қазақстан халқы Ассамблеясы киберспортты қолдайды

2024 жылғы 11 қыркүйекте ҚР Парламенті Сенатының депутаты Геннадий Геннадиевич Шиповскихтың «Qazaq Cybersport Federation» вице-президенті Ефим Анальевич Черваков және атқарушы директоры Қазбек Жарқынұлы Жанғазиевпен кездесуі өтті.



Республикалық қоғамдық бірлестік осы уақытқа дейін үлкен ұйымдастырушылық жұмысты атқарып үлгерген. Заман талабына сай виртуалды бәсекемен кәсіби түрде айналысатындар саны көбеюде.


Бүгінгі таңда киберспортты дамытудың кешенді бағдарламасы сәтті жүзеге асуда. Алдағы уақытта киберспорт пен ҚХА жұмысын байланыстыру, өзара тиімді іс-қимыл шараларын ұйымдастыру мәселелері сөз етілді. Сондай-ақ, жұмыс алгоритмі әзірленді. ҚХА-ның “Мемлекеттік тіл — этносаралық қатынас тілі” арнайы қоғамдық жобасының аясында киберспорт бағыты бойынша қазақ тілді комментаторларды дайындау және аталмыш салаға қазақ тілін кеңінен енгізу шаралары талқыланды.

Кейін қарай