Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Наурыз, 2022

146

Қазақстан кәрістер қауымдастығының Президент Жолдауын талқылау бойынша онлайн-кеңесі ұйымдастырылды

Алматыда Қазақстан кәрістер қауымдастығының басқарма мүшелерінің Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша онлайн-кеңесі өтті.

Кездесудің модераторы Қазақстан кәрістер қауымдастығының төрағасы Сергей Огай болды. Кеңеске Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қоғамдық Келісім» РММ бас сарапшысы Гульмира Билялова қатысты. Отырыс барысында қатысушылар мемлекет басшысы белгілеген басымдықтарға және қойылған міндеттерді іске асыру үшін қолданылатын тетіктерге назар аударды. Атап айтқанда, Сергей Огай Қазақстанда жаңа азаматтық қоғамды қалыптастырудың кең ауқымды үдерісі жүріп жатқанын және Қазақстан кәрістер қауымдастығы Президент айтқан реформаларды толық қолдайтынын әрі қоғамды жаңғыртуға белсенді қатысатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында елді одан әрі дамыту, саяси жүйені жаңғырту, күшейіп келе жатқан жаһандық сын-қатерлерге барабар жауаптар әзірлеу үшін жасалатын қадамдарды нақты айқындады. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаев жария еткен шараларды іске асыру қоғам мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимыл форматын өзгертуді, басты назарға Қазақстан халқы, оның мүдделері мен әл-ауқаты қойылғандығын көздейді. Алдағы реформалардың басты мақсаты – азаматтардың мемлекетті басқарудағы рөлін арттыру. Белгіленген түрленулер іс жүзінде барлық негізгі саяси институттарға әсер етпек. Конституцияның 30-дан астам бабына өзгерістер енгізіледі.

«Қоғамдық Келісім» РММ бас сарапшысы Гульмира Билялова Қазақстан Республикасында билік пен халық арасындағы байланыстырушы буын болатын және реформаларды іске асыруға жұртшылықты кеңінен тартуға мүмкіндік беретін Ұлттық құрылтай құрылатынын атап өтті.

Талқылау барысында өңірлік кәріс этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мемлекет басшысы ұсынған реформаларға қолдау білдірді. Сонымен қатар, оларды жүзеге асыру үшін уақыт пен орасан жұмыс, әрбір қазақстандықтың үлесі қажет болады деген пікір білдірді.

Атап айтқанда, Атырау облысының «Тхониль-Атырау» кәрістер этномәдени бірлестігінің төрайымы Людмила Ли Президенттің Жолдауында айтылған барлық он бастаманың толығымен іске асатынын, бірақ өзгерістер бірден болмайтынын әрі оларды іске асыру үшін қажырлы еңбек қажеттігін атап өтті. Оны Маңғыстау облысының «Чосон» кәріс этномәдени бірлестігінің төрайымы Раиса Маденова қолдап, мемлекет басшысының үндеуі отандастарымызға оң өзгерістерге үлкен үміт артып, одан әрі дамуға серпін бергенін атап өтті.

Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттер Қазақстан кәрістер қауымдастығының жергілікті жерлерде атқарып жатқан жұмыстарымен сәйкес келеді-, деді Қарағанды облысының кәрістер этномәдени бірлестігінің төрайымы Лилия Ким. Сонымен қатар, Ақтөбе облысының кәрістер қауымдастығының төрағасы Юрий Шек Президент қабылдаған қадамдар халықпен ашық диалог құруға бағытталған және қоғам да белсенді болып, жауапкершілікті өз мойнына алуы керек деп қосты.

Кейін қарай