
31 Қазан, 2020
417
«Қазақша сөйлей алмайтын қазақтардан ана тілімде сайрайтын өзге ұлт өкілдері жақын»
ҚХА ұйымдастыруымен Алматы қаласы Достық үйінде өткен «Ұлы Даланың ұлтаралық тілі» атты бірінші республикалық конгресінде жазушы, кинодраматург, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының профессоры Елубай Смағұл Абатұлы сөз сөйлеп, ҚХА мүшелеріне алғысын білдірді.
- Түрлі этнос жастарының мемлекеттік тіл туралы тұщымды ойларын мемлекеттік тілде тыңдап, өзімді шексіз бақытты сезініп отырмын. Өйткені Қазақстан халқы Ассамблеясы өз тарихында тұңғыш рет тек мемлекеттік тілде конгресс өткізіп, маңызды мәселе көтеріп отыр. Бұрын осындай жиындар екі ауыз сөзбен қазақша басталып, ары қарай орысша жалғасқанда қарынымыз ашып, тіліміздің мүшкіл халін ойлап, өзімізді шексіз бақытсыз сезінетінбіз. Қызыл империяның кезінде қазақ жерінде қазақ мектебін ашу үлкен айқай-шу болатын. Қазір Тәуелсіз ел атандық, алайда империяның құшағынан шыққан Қазақстан халқы отыз жылда отыз ауыз сөз білмесе, өте ұят. Әсіресе, қазақ интеллигенциясы үшін кешірілмейтін күнә. Сіздер айтып отырған мәселелер Парламентте шешілуге тиіс, Тіл туралы дербес заң қабылдайтын уақыт жетті.
Тіл мәселесін шешудің бір тамаша жолын жаңа Наргизам Махмудова қарындасымыз: «Тілді балабақшадан, мектептен үйреніп шығуы керек», - деп айтып өтті. Шынтуайтына келгенде кез келген бала балабақшадан бастап қазақ тілін үйренсе, сайрап шығады. Республикадағы тіл мәселесін балабақшадан мектеп бітіргенге дейін он бір жылда шешуге болады. Қазақ мектептері, орыс мектептері, кәріс мектептері деген емес, мемлекеттік мектеп деген болуы керек.
Қазақша сөйлей алмайтын қазақтардан, мен үшін менің ана тілімде сайрап тұрған өзге ұлт өкілдері әлдеқайда жақын. Кезінде біз ұлт жанашары Герольд Бельгерді қазақша сөйлегені үшін ерекше құрметтеп, бауырымыздай жақсы көретін едік. Ол бізге қазақтардан да жақын болды. Қазақша білмейтін қазақтарға жақындай алмайтынбыз. Өйткені ол – рухани бөлек адам. Бүгін қазақша жетік сөйлеп отырған сіздер де ендігі жерде менің бауырыма айналдыңыздар.
Біз қазір Достық үйінде бас қосып отырмыз. Егер біз Герольд Бельгер сияқты өз тілімізді де құрметтеп, қазақ тілін де құрметтесек, көп ұзамай күллі Қазақстан Достық үйіне айналады. Біздің мақсатымыз осы. Қазақ ешкімді бөлмейді, Қазақстанның патриотымын деген кез келген ұлт өкілін жақсы көреді. Қазақтың құшағы да, қазақтың жүрегі де байтақ даладай кең. Оған бәрі сияды. Сондықтан да Ұлы Даланың ұлтаралық тілі бәріміздің тілімізге, біздің достықтың кепіліне айналсын!
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада Алғыс айту күнінің белгіленгеніне 5 жыл толуына орай ҚХА дөңгелек үстелі өтеді
-
Мағауия Қанапияұлы: «Алғыс айту – риясыз ризалықтың нышаны»
-
Елордада «Қазақ еліне мың алғыс!» монументінде алғыс білдірудің салтанатты рәсімі өтеді
-
Атырауда көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді
-
Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде Алғыс айту күніне орай бірқатар іс-шара өтіп жатыр
-
Ақтөбеде аналар кеңесі «Халықтану» жобасын талқылады
23 Ақпан, 11:14
«Туған елге мың алғыс!» жалпыхалықтық эстафетасы басталды
22 Ақпан, 10:57
Қарағандыда Алғыс айту күніне орай жүзден аса шара өткізілмек
22 Ақпан, 10:40
Нұр-Сұлтанда Науаидің 580 жылдығына арналған рухани кеш өтті
вчера, 15:19
Мағауия Қанапияұлы: «Алғыс айту – риясыз ризалықтың нышаны»
23 Ақпан, 10:55
Магомед Султыгов: «Қазақтар туыстарымызды жерлеуге көмектескен»
САУАЛНАМА
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің алғашқы республикалық форумы қашан өтті?
2011 жылдың 7 қыркүйегі 2013 жылдың 24 сәуірі 2014 жылдың 13 қарашасы
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада Алғыс айту күнінің белгіленгеніне 5 жыл толуына орай ҚХА дөңгелек үстелі өтеді
-
Мағауия Қанапияұлы: «Алғыс айту – риясыз ризалықтың нышаны»
-
Елордада «Қазақ еліне мың алғыс!» монументінде алғыс білдірудің салтанатты рәсімі өтеді
-
Атырауда көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді
-
Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде Алғыс айту күніне орай бірқатар іс-шара өтіп жатыр
-
Ақтөбеде аналар кеңесі «Халықтану» жобасын талқылады