Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Қазан, 2024

115

«Қайырымдылық керуені» республикалық форумы өтті

2024 жылғы 22 қазанда ҚР Мәдениет жәнеақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының жыл сайынғы «Қайырымдылық керуені» республикалық форумы өтті.

Форумға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президентінің Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Парламент депутаттары, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, этномәдени бірлестіктердің, қоғамдық құрылымдардың өкілдері қатысты.

Форум барысында жыл қорытындысы бойынша ҚХА еріктілері мен меценаттарын қайырымдылық қызметіне қосқан елеулі үлесіүшін «Жомарт жан» Ассамблеясының төсбелгісімен марапаттау рәсімі өтті.

Сонымен қатар, форумда ерекше қажеттіліктері бар балалар концерттік және шығармашылық нөмірлермен өнер көрсетті.

«Қайырымдылық керуені» республикалық акциясы биыл Алғыс айту күні шеңберінде 1 наурызда бастау алған болатын. Акцияға Қазақстанның барлық өңірлерінен ҚХА мүшелері, еріктілер мен қайырымды жандар қатысты.

Ауқымды шаралардың ішінде ҚХА мүшелерінің қатысуымен өткен «Жүректен жүрекке» және «Мектепке жол» қайырымдылық акцияларын атап өтуге болады. Мәселен, елде су тасқыны басталғаннан бері Ассамблея зардап шеккен өңірлерге 800 млн теңгеден астам гуманитарлық көмек көрсетті.

Сондай-ақ, «Мектепке жол» акциясы аясында Ассамблея мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 6,5 мыңнан астам оқушыға 260 миллион теңгеге жуыққолдау жасады.

Жалпы, жыл басынан бері ҚХА 1,3 миллиард теңгеден астам сомаға көмек көрсетті.

Кейін қарай