Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Мамыр, 2021

59

Атыраулық ҚХА өкілдері Татарстан халқына қайғыра көңіл айтты

Атырау қаласының Ассамблея өкілдері Қазан қаласындағы балалар өліміне әкеп соққан жантүршігерлік оқиғаға байланысты Татарстан халқына қайғыра көңіл білдірді.

Этномәдени бірлестік өкілдерінің айтуынша, бұл адам сенгісіз орны толмас қайғы ешкімді бей-жай қалдырмайды.

- Осындай бейбіт заманда өміріміздің мәніне айналған балалардан айырылып жатырмыз. Оларды алда жарқын, айқын болашақ күтіп тұр еді… Мұндай қатыгездік іс-әрекетті ешқандай жолмен ақтауға келмейді! Қаза болған және зардап шеккен балалардың ата-аналарына қайғыра көңіл айтамыз. Бұл оқиға қай-қайсымыздың да жүрегімізге ауыр тиді. Бекем болыңыздар, біз сіздермен біргеміз! - деп, көңіл білдірген Аналар кеңесі, этномәдени бірлестік өкілдері, «Жаңғыру жолы» қозғалысының еріктілері Атырау облысы ҚХА Достық үйінің алдында арнайы жасақталған манументке гүл шоқтары мен балалар ойыншықтарын қойды.


Кейін қарай