Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Ақпан, 2021

153

Атырауда көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» қайырымдылық марафоны Атырауда жалғасын тапты.

«Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің өкілдері аз қамтылған 48 отбасыға азық-түлік, ет өнімдерін таратты. Бірлестік төрағасы Зелимхан Зубариев Қазақстанға ата-анасымен 1969 жылы қоныс аударған. Бүгінде мал шаруашылығымен айналысып, өз кәсібін дөңгелетіп отыр.


Қайырымдылық марафонын Атырау облысы Кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы, «Видергебурт» неміс этномәдени бірлестігінің өкілі Владимир Розметов жалғастырды. Ол аз қамтылған және көп балалы отбасыларға әрқайсысы 40 келі тартатын 40 дана азық-түлік (ет өнімдері, сүт өнімдері, шырындар т.б.) қоржынымен қайырымдылық көмек көрсетсе, 15 дана азық-түлік себетін қаладағы шіркеулерге жолдады. Сол сияқты «Қоғамдық келісім» кеңесінің төрағасы Нұржан Ермұқанов әлеуметтік жағынан осал топтағы отбасыларға жылы бас киімдер таратты.

Кейін қарай