Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Ақпан, 2021

159

Астанада Алғыс айту күнінің белгіленгеніне 5 жыл толуына орай ҚХА дөңгелек үстелі өтеді

2021 жылғы 1 наурызда сағат 15.00-де Нұр-Сұлтан қаласы Қазмедиа орталығында (Д.Қонаев көш., 4, ОКҚ, 1 қабат, пресс-орталық) ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Алғыс айту күнінің белгіленгеніне 5 жыл толуына арналған дөңгелек үстел өтеді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қ.Көшербаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Балаева, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары М.Бекбаева мен З.Кузиев, Қазақстан халқы Ассамблеясының ҚР Парламенті Мәжілісіндегі депутаттары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс әкімдерінің орынбасарлары, ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктері мен жастар қанатының өкілдері және т.б. қатысады.

Дөңгелек үстел барысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаев белгілеген Алғыс айту күнінің 5 жылдығының біріктіруші маңызын, қазақстандық құндылықтар - халықтық бірлік пен достық дәстүрлерін жас ұрпаққа жеткізу, келісім, әлеуметтік ынтымақтастық және өзара қолдау мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.

Іс-шара жаңа бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық және тарихи сананы жаңғырту, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толығымен ақтау, қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тілі ретіндегі мәртебесін көтеру жөніндегі ауқымды жұмыстардың мәселелеріне арналады.

Дөңгелек үстел аясында «Тұңғыш Президент жолымен – бейбітшілік пен келісімге 30 жыл» халық экспедициясы» ҚХА жобасының және «Қайырымдылық керуені: 30 игі іс» қайырымдылық марафонының тұсаукесері өтеді, білім және денсаулық, азаматтық қоғам саласының, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен студенттер сөз сөйлейді.

Кейін қарай