Қазақстан халқы Ассамблеясы

07 Желтоқсан, 2023

108

«АСТАНА ОПЕРАДА» ҚХА-НЫҢ БІРЕГЕЙ FOLK&ART PERFORMANCE «ЖАСТАР ЖАЛЫНЫ» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

Бүгін «Астана Опера» театрында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орайластырылған FOLK&ART PERFORMANCE «Жастар жалыны» бірегей жобасын жүзеге асыру бойынша ауқымды іс-шара өтті.

Мәдени іс-шаралар кешені Қазақстан халқы Ассамблеясы «Ассамблея жастары» РҚБ мен Ұлттық Дельфий комитетінің бастамасымен ұйымдастырылды.


Жоба шығармашылық пен өнер арқылы еліміздегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы маңызды қадамдардың бірі болды.

Іс-шараның құрметті қонақтары Мемлекет басшысының кеңесшісі Болат Ақшолақов, Парламент депутаттары, шет елдердің дипломатиялық корпусы мен мемлекеттік органдардың, саяси партиялар мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері, белсенді жастар және ҚХА қоғам қайраткерлері қатысты.

Сөзін құттықтаудан бастаған Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары — Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов, жас таланттардың халықаралық байқауларға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында қатысушыларға жол жүру гранттарын табыс етті.

Folk&ART PERFORMANCE аясында мәдениет пен өнердің көрнекті қайраткерлеріне арналған көрме, сондай-ақ «Zekenmoda» сән үйінің ұлттық киімдер эксклюзивті топтамасының көрсетілімі өтті.

Іс-шара соңында ұйымдастырылған концертте халықаралық конкурстардың лауреаттары, Қазақстанның этнос өкілдері қазақ мәдениетінің әйгілі туындыларын орындауы Қазақстан мұрасының қаншалықты бай әрі алуан түрлі екендігін көрсетті.

«Жастар жалыны» шығармашылық пен сұлулық қана емес, мәдениеттің жан-жақтылығы арқылы көрінетін бірліктің де қуатты символына айналды. Бұл іс-шара талантты жастардың өнерін қолдау маңыздылығы, оның үйлесімді қазақстандық қоғамды нығайтудағы рөлін айқындады.

Кейін қарай