26 Қыркүйек, 2024
199
«Ассамблея жастары» Түркия жастарын Қызылордада қарсы алды
Қызылорда қаласындағы Достық үйіне «Мәдени мұра» халықаралық жобасы аясында Түркия Республикасының Жастар және спорт министрлігінің делегациясы келді.
Қонақтарды облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшылығы өкілдері және өңірлік «Ассамблея жастары» ұйымының төрағасы Елена Пак құрметпен қарсы алды.
Достық үйін аралап, оның қызметімен танысқан делегацияға «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасарлары Дәулет Омаров және Фархат Әбдібағдатұлы Сыр өңірінде этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту бағытында қолға алынған істер туралы баяндады. Және де мекеменің этномәдени бірлестіктер жұмысын үйлестірудегі оң нәтижелеріне тоқталып, Достық үйінің бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы жарқын бастамалары мен көпсалалы орталықтардың шаңырағына айналғанын атап өтті. Ал «Ассамблея жастары» ұйымының төрағасы Елена Пак жастардың жарқын жобаларымен таныстырды.
Делегация құрамындағы Анталия қаласының жастар орталығының белсенді, ерікті жастары мен «Ассамблея жастары» жастар қанаты мүшелері әңгіме-дүкен құрып, өзара тәжірибе алмасты.
Басқосу соңында қонақтарға ғылыми және тарихи кітаптар сыйға тартылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды
-
Бір апта бойы өткен этномәдени бірлестіктердің басшылары үшін практикалық-бағдарланған курс аяқталды
-
«Азаматтық қоғам өкілдерімен жұмыс кезінде басқарушылық, коммуникациялық дағдылар мен құзыреттер» практикаға бағытталған курс басталды
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА КОРЕЙЛЕР СОЛЬНАЛЬ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ
-
«Ассамблея жастары» ұйымының мүшелері Ақтау қ. маңында ұшақ апатынан қаза болғандарды еске алды