Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Желтоқсан, 2024

88

«Ассамблея жастары» халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда

«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Джумурбаев бастаған мүшелері Парижде бірқатар маңызды кездесулер өткізді. Негізгі шаралардың бірі ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде болды. Кездесуде зерттеу, этика және инклюзия бөлімінің, сондай-ақ Жастар секторының басшылығымен келіссөздер жүргізілді.

Басқосу барысында «Ассамблея жастарының» ЮНЕСКО-мен ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жұмысы жоғары бағаланды. ЮНЕСКО-ның жаһандық жастар қоғамдастығына кіру перспективалары талқыланды. Бұл қазақстандық жастардың халықаралық білім беру, гуманитарлық және мәдени жобаларға қатысуына кең мүмкіндіктер ашады.

Өткен жылы «Ассамблея жастары» ЮНЕСКО-мен бірлескен жобаларға бағытталған алаңдарды қамтитын бірқатар бастамаларды табысты іске асырған болатын. 2025 жылы Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде ҚХА мен «Ассамблея жастары» ресми тұсаукесері өтеді деп күтілуде. Бұл халықаралық өзара іс-қимылды нығайтудың маңызды кезеңі болады.

Кейін қарай