Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Сәуір, 2022

80

Қасиетті Рамазан айында жарапазан айтып дәстүрді жаңғыртты

2018 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында «Қазақтану» мәдени-ағарту жобасы қабылданған болатын. «Қазақтану» жобасы қазақ халқының рухани және мәдени құндылықтарының біріктіруші әлеуетін Қазақстан Республикасы халқының қоғамдық санасына енгізу жүйесін құру мақсатында қолға алынды.


Осы жоба аясында облыстық қазақ мәдениеті мен салт – дәстүр орталығының ұйымдастыруымен «Қазақтың игі дәстүрлері – Жарапазан айту» атты шарасы өтті. Шара «Облыстық Ішкі саясат басқармасы» мемлекет мекемесінен бастау алып «Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» ММ және «Қоғамдық келісім» КММ жалғасын тапты.


Жарапазан - қазақ елінде тұрмыс-салт жырларының бірі. Жарапазанның негізгі мақсаты - халықты жақсылыққа шақыру. Ол негізі үш бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімін үй иесіне арнап, оның жақсы қасиеттерін мадақтайды. Кейін адамдарды ізгілікке шақыратын шумақтар өлеңдетіп айтылады, ал соңғы бөлімінде үй иелеріне бата беріледі.

Кейін қарай