04 Қазан, 2022
189
ҚАРТЫ БАР ЕЛ – ҚАЗЫНАЛЫ
Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қолдауымен 1 қазан – Халықаралық Қарттар күніне орай «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталық» мекемесінде қайырымдылық кеші өтті.
«Қарты бар ел - қазыналы» тақырыбымен өткен шараға «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Фархат Халилуллаев, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бастығы, полиция подполковнигі Бейжігіт Оспанбеков, «Дін мәселелерін зерттеу» орталығының теолог маманы Бақтияр Оспанов қатысып, ізгі лебіздерін арнады.
Кеш барысында қазыналы да ардақты қарттарымызға арнайы ақ дастархан жайылып, құрмет көрсетілді. Этномәдени бірлестіктердің өнерпаздары әсем ән айтып, көркем би билеп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Ұйымдастырушыларға ақсақал аталарымыз бен ақ жаулықты аналарымыз ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
Ұқсас жаңалықтар
-
ӘЙЕЛДЕР МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА ҚХА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІ БАС ҚОСТЫ
-
Түркістанда алғыс айту күніне арналған мерекелік концерт өтті
-
Ассамблея мен Министрлік Алғыс айту күнінде достық телекөпірін өткізді
-
Алғыс айту күніне арналған телекөпір өткізу жоспарлануда
-
Кәсіпкерлер қауымдастығының мүшелерімен және жергілікті кәсіпкерлермен жұмыс кеңесі
-
«Азат елдің ертеңі»