Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Қазан, 2022

93

Қарттарым аман-саумысың

1-қазан Халықаралық қарттар күні қарсаңында Жамбыл облысы әкімдігі ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ №2 әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қарттарына арнап концерттік бағдарламасын ұсынды.

Басты мақсат - аз қамтамасыз етілген қарияларға, жалғызбасты зейнеткерлер мен қарт мүгедектерге ерекше көңіл бөлу, олардың қоғамдағы орнының тәрбиелік мәнін жастарға түсіндіру.

Мерекелік кешке «Қоғамдық келісім» КММ этномәдени бірлестік өкілдері қатысты. Концерттік бағдарламаға неміс этномәдени бірлестігінің «Поющие сердца» және «Juwell» вокалдық ансамбльдері, «Шабыт» триосы сондай-ақ, Филипов Илья, Лапшин Вячеслав, Ишанкулова Ирада, Дүйсен Камила, Абишева Розанна әннен шашу шашса, «Бәйшешек», «Қарлығаш» би топтары түрлі этностардың билерін тарту етті. Аталған кешке №40 мектеп гимназияның бүлдіршіндері де өз үлестерін қосты.


Іс-шара соңында әлеуметтік қызмет көрсету орталығының әкімшілігі мерекелік кешті ұйымдастырушыларға алғыс хат табыс етіп, өз ризашылықтарын білдірді.

Қамкөңіл қарттар кеш соңында өздерінің ыстық лебіздерін білдіріп, естелік суреттерге түсті.


Кейін қарай