Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Мамыр, 2021

61

Қарағандылық ҚХА Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай онлайн шара ұйымдастырды

Қарағанды қаласының №42, Теміртау қаласының №7 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушылары және ұстаздарына арнап Қарағанды облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай онлайн шара ұйымдастырды.


Тағдырдың айдауымен қазақ жеріне келген этнос өкілдерінің сан қилы тағдыры, қазіргі тұрмыс-тіршілігі, тарих бетінде қалған оқиғалары жайлы әңгіме мектеп оқушыларына ерекше әсер етті.

Аталған шараның өтуіне мұрындық болған облыстық Ғылыми-сараптама тобы жыл сайын Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тарихтан тағылым, өткенге тағзым» жобасын жүзеге асырып келеді.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасында: «Әрбір жұрт тарихтан өзінше тағылым алады. Өткен ХХ ғасыр халқымыз үшін қасіретке толы, зобалаң да зұлмат ғасыр болды. Біз тарихтың сабағын айқын түсінуіміз керек» деген еді.

Еліміздегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын мәңгі есте сақтау мақсатында, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 1997 жылғы 5 сәуірдегі Жарлығымен 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды.

Кейін қарай