Қазақстан халқы Ассамблеясы

22 Ақпан, 2022

120

Қарағандыда «Тәуелсіздік: ұлт рухының қайнар көзі және бастауы» тақырыбында онлайн талқылау өткізілді

«Алаш» партиясының құрылғанына 105 жыл және көрнекті қоғамдық-саяси қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай, онлайн алаңда Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті «Әлеуметтік-саяси пәндер және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасымен бірлесе отырып «Тәуелсіздік: ұлт рухының қайнар көзі және бастауы» тақырыбындағы тэйбл-talk (талқылау) онлайн форматта «Zoom» платформасында өткізілді.

Талқылауға Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің студенттері, «Әлеуметтік-саяси пәндер және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы қатысты.


Баяндамашылардың қатарында Павлодар қаласы С. Торайғыров атындағы университеті «Үштұғырлы тіл» кафедрасының меңгерушісі, профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, «Халықаралық ақпараттандыру академиясының» академигі Айман Зейнулина, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті аға оқытушысы, PhD докторы Рауан Кемербай, Байтұрсынов атындағы Қостанай облыстық университеті «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» кафедрасының аға оқытушысы PhD докторы Руслан Жусупов, Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті Ю-21-1к тобының студенті Данияр Абдулин болды.

Тэйбл-talk жұмысының барысында филология ғылымдарының кандидаты Айман Файзуллақызы Зейнулина өз баяндамасында «О творческом поприще и судьбе учителя нации Ахмета Байтурсынова» Алаш қайраткерлері ұлт-азаттық көтеріліс көсемдері ғана емес, олар ағартушылық, шығармашылық зиялы қауымның жарқын өкілдері болатынның айтқан.. Тэйбл-talk жұмысының соңында Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті Ю-21-1к тобының студенті Данияр Абдулин «Алаштың арыстары» шығармасын оқыды. Бұл шығармада Данияр Абайұлы «Алаш» партиясына қатысушылардың әрқайсысы қазақтың ұлттық сана-сезімін дамытуға, ұлттың қалыптасуына үлкен үлес қосқанын атап өтті. Талқылау қорытындысында студенттер баяндамашыларға қызықты және танымдық баяндамалары үшін алғыстарын білдірді. Ғалымдар өз кезегінде жас студенттерге Ахмет Байтұрсынұлы туралы кітап оқып, фильм көруге кеңес берді.

Кейін қарай