
06 Қараша, 2020
916
Қарағандыда «Шебердің қолы алтын» челленджі басталды
Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Аналар кеңесі "Қазақтану" мәдени-ағартушылық жобасы аясында "Шебердің қолы алтын" челленджін бастады.
Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған бұл челлендж бүкіл Қарағанды өңірінде өтеді. Мысалы, Жаңаарқа ауданында Ырысалды апа Ғалым Жарылғапов атындағы Аграрлық колледжінің "Бұрымды қыздар" клубының қыздарына шапан тігуді үйретті. Бүгінгі таңда көптеген танымал ақындар мен құрметті адамдар осы кісінің қолынан шыққан әдемі киімдерді киеді. Жаңаарқа шапандары Сарыарқаның брендіне айналды деуге болады.
"Біздің ұлттық құндылықтарымыздың бірі - тігін тігу, ата-анадан балаға берілген мұра іспеттес. Мұндай өнерді үйрену өте маңызды, өйткені бұл көпбалалы, жас аналарды, жас қыздарды "Рухани жаңғыру" бағдарламасы мен ҚХА жобасында сипатталған брендті ілгерілетуге мүмкіндік береді",- дейді шебер.
Бір кездері Ырысалды апаның анасы Бошым да осы істің шебері болған. Ол өз қолымен текемет, тұскиіз, сырмақ, тіпті Сәкен Сейфуллиннің өзіне тақия тіккен екен.
"Аналар кеңесін ұлттық құндылықтарымыз жаңғыратын өзіндік мектеп деп атауға болады. Біз осындай іс - шараларды жастар өз мәдениетін ұмытпауы үшін өткіземіз. Себебі, сыртқы әлеммен, басқа мәдениеттермен танысуға, ұйысуға ұмтыла отырып, жас ұрпақ өз тамырын ұмытпауы тиіс", - деп толықтырды Жаңаарқа ауданы Аналар кеңесінің төрайымы Саулеғаным Орынғожина.
Жаңаарқалықтар "Шебердің қолы алтын" эстафетасын Шет ауданына табыстады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қордайда славян этномәдени бірлестігінің 20 жылдығы аталып өтті
-
Қызылордада жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетілді
-
Таразда медиацияның ашық есік күні өтті
-
Ақтөбеде ЭМБ мүшелері айтулы күндерді ұмыт қалдырмайды
-
Алғыс айту күніне орай бірнеше облыста мерекелік іс-шара өтті
-
Е.Маржықпаев: «Облыстағы оң өзгерістерге әрбір этнос өкілінің қосқан үлесі бар»
26 Ақпан, 15:19
Мағауия Қанапияұлы: «Алғыс айту – риясыз ризалықтың нышаны»
2 Наурыз, 11:36
Алғыс айту күніне орай бірнеше облыста мерекелік іс-шара өтті
26 Ақпан, 11:31
Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде Алғыс айту күніне орай бірқатар іс-шара өтіп жатыр
1 Наурыз, 16:45
Қордай ауданында «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» эстафетасы бастау алды
26 Ақпан, 16:21
Астанада Алғыс айту күнінің белгіленгеніне 5 жыл толуына орай ҚХА дөңгелек үстелі өтеді
САУАЛНАМА
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің алғашқы республикалық форумы қашан өтті?
2011 жылдың 7 қыркүйегі 2013 жылдың 24 сәуірі 2014 жылдың 13 қарашасы
Ұқсас жаңалықтар
-
Қордайда славян этномәдени бірлестігінің 20 жылдығы аталып өтті
-
Қызылордада жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетілді
-
Таразда медиацияның ашық есік күні өтті
-
Ақтөбеде ЭМБ мүшелері айтулы күндерді ұмыт қалдырмайды
-
Алғыс айту күніне орай бірнеше облыста мерекелік іс-шара өтті
-
Е.Маржықпаев: «Облыстағы оң өзгерістерге әрбір этнос өкілінің қосқан үлесі бар»