
07 Тамыз, 2024
252
Қарағандыда медиация орталығы кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
Қарағанды қаласының Достық үйінің ғимаратында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Н.Р. Бикеновтің басшылығымен Медиация күніне арналған медиация орталығы кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа Қазақстан халқы Ассамблеясының және оның құрылымдарының мүшелері, медиаторлар, қоғам қайраткерлері, келіссөздер жүргізушілер, ғалымдар, жастар өкілдері қатысты.
Шара барысында медиация саласындағы соңғы жетістіктер мен жаңа тәсілдер таныстырылды. Сондай-ақ, медиация процесін жетілдіру, қызметтерінің сапасын арттыру және қоғамдағы медиация мәдениетін дамыту жолдары талқыланды.
Қатысушылар алдағы уақытта медиация саласын дамытуға бағытталған нақты іс-шаралар жоспарының бірқатар ұсыныстары мен шешімдерін талқылады.
Одан соң кәсіби медиаторлардың шеберлік сабағына және жанжалды жағдайларды шешу бойынша өткізілген тренингке қатысты.
Кездесуге қатысушылардың барлығына Медиация күніне орай құттықтау хаттары табыс етілді.
Медиаторлар арасынан шыққан бірқатар өкілдердің қоғамға қосқан үлесі бағаланып, ішкі саясат басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
16 Маусым, 23:30
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
17 Маусым, 22:41
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
вчера, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
17 Маусым, 22:45
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
12 Маусым, 23:59
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы облысы