Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Шілде, 2021

22

Алматыда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары ҚХА төрағаларымен кездесті

Алматы қаласы республикалық Достық үйінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Набиев Вакиль Гусейнович пен Хамедов Абилфас Муслимович республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен, жастар өкілдерімен кездесті.


Кездесу барысында депутаттар бірінші сессияда атқарылған жұмыстары мен өздерінің депутаттық сауалдары туралы есеп берді. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері депутаттардың жұмысына жоғары баға беріп, жемісті жабылған бірінші сессиямен құттықтап, бірқатар ағымдағы мәселелерді шешуге көшті, олардың ішінде этномәдени бірлестіктердің журналистермен жұмысы және этносаралық сипаттағы тақырыптарды дұрыс жариялау, этномәдени бірлестіктердің маңызды бағдарламаларын іске асыру үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарға қатысуы, мемлекеттік тілді үйрену бағдарламаларын дамыту, жастарды отбасылық құндылықтарға тәрбиелеу және басқа да көптеген мәселелерді қарастырды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері көтерген мәселелерді депутаттар назарға алуға сөз берді.


Кейін қарай