Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Тамыз, 2021

126

Алматыда «Конституция - Қазақстан халқының бірлігі мен рухани келісімінің негізі» атты республикалық дөңгелк үстел өтті

27 тамызда Алматы қаласының Достық үйінде: «Конституция - Қазақстан халқының бірлігі мен рухани келісімінің негізі» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері, ҚХА қоғамдық құрылымдарының, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралары, ғылыми және шығармашылық интеллигенция, этномәдени бірлестіктер жастары, ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар егеменді Қазақстанның құқықтық және демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуындағы, қоғамдық келісім мен бірліктің қазақстандық моделін дамытудағы Конституцияның тарихи рөлін талқылады.

Баяндамашылар Конституция демократиялық саяси жүйесі, ашық нарықтық экономикасы, бейбіт саясаты бар қазіргі Қазақстанның құрылысына негіз болғанын, бұл елдің әлемдегі беделінің өсуіне ықпал еткенін атап өтті.

Конституция қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтудың, азаматтарға этносына қарамастан тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің іргелі негіздерін бекітті.

Негізгі Заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы ана тілін қолдануға, қарым-қатынас, білім беру, оқыту және шығармашылық тілін еркін таңдауға құқылы.

Орыс тілі мемлекеттік тілде және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қазақ тілімен қатар ресми түрде қолданылады. Сонымен қатар, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді бұза алатын кез келген әрекеттер конституциялық емес деп танылады. Осының арқасында барлық этникалық топтар өздерін қауіпсіз сезінеді, салт -дәстүрлерін, тілі мен мәдениетін еркін дамытады.

Қазақстанның этностарының өкілдері мемлекеттік тілді үйренудің маңыздылығын түсінеді, жылдан жылға қазақ тілінде сөйлейтін жас ұрпақтың саны артып келеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы да осы бағытта жұмыс жасап, мемлекеттік тілді үйренуге арналған түрлі жобаларды жүзеге асыруда.

Мұның бәрі елдің прогрессивті дамуына, барлық қазақстандықтардың болашақ үшін бірлескен және жемісті жұмысына берік негіз жасайды.

Қатысушылар табысты дамудың, қазақстандық қоғамда бірлік пен келісімнің сақталуының кілті болып табылатын Негізгі Заңда жарияланған негізгі нормаларды сақтауға шақырды.

Шара «ZOOM» алаңында өтті.

Кейін қарай