Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Маусым, 2021

45

Алматыда ҚХА мүшелері балаларға бағалы сыйлықтар тарту етті

Балаларды қорғау күніне орай Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығында (КБО) қайырымдылық акциясын өткізді.


Балаларға бағалы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, мектеп жасына дейінгі балалар мен жасөспірімдерге арналған профессор Николяның шоуы ұйымдастырылды.

Іс-шараға Алматы қаласы ҚХА басшылары мен мүшелері, ҚХА қоғамдық құрылымдарының мүшелері, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, БАҚ өкілдері қатысты.

Этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен қалалық мәслихат депутаты балаларға музыкалық орталық пен үй кинотеатрын тарту етті.


Кейін қарай