
03 Шілде, 2021
156
Алматыда «Елорда – Айбынды Ақ Орда» атты мерекелік шара өтті
Қазақстан Жазушылар кітапханасында Алматы қаласы республикалық Достық үйімен бірлесе ұйымдастырған 6 шілде – Қазақстан Республикасының Нұр-Сұлтан күніне арналған «Елорда – Айбынды Ақ Орда» мерекелік концерттік іс-шарасы өтті.
Іс-шараға қазақстандық мәдениет қайраткерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, жастар мен оқушылар, БАҚ қатысты.
Іс-шара аясында Алматы қаласы мектеп оқушылары арасында «Асқақта, айбынды елдің астанасы» кітап көрмесі және «Таңғажайып астана» сурет, қолөнер көрмелері ұйымдастырылды.
Мерекенің ашылу салтанатында жиналған қауымды ақын, ғалым Байбота Серікбайұлы Қошым-Ноғай, Достық үйінің жетекшісі Нұрсауле Әбдіқадірқызы Әлтекова құттықтап, Нұр-Сұлтан қаласының бүгінгі бағындырған биіктері мен жетістіктері жайлы айтып өтті. Қазақстанның «Филия» грек қоғамы қауымдастығының төрағасы Иорданиди Георгии Константинович майдангер ақын Леонид Гирштің кітаптарының тұсаукесерін жасады. Г.Иорданиди Қазақстан Жазушылар кітапханасының қорына Қазақстан халқы Ассамблеясынан 100 кітап сыйға тартылды. Кітапхана меңгерушісі Елена Ағайса кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.
Мереке қонақтарына арналған концерттік бағдарламаға қазақстандық өнер қайраткерлері Ғазизхан Әділханов, Бақадыр Юлдашев, «Вайнах» шешендер және ингуштар қауымдастығы төрағасының орынбасары, актриса және әнші Зура Ахмадова қатысып, Нұр-Сұлтан туралы қазақ және орыс тілдерінде әндер орындады. Сондай-ақ, концерттік бағдарламаға жас орындаушылар қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Ұлттық құрылтай – билік пен қоғам диалогының жаңа кезеңі» атты ҚХА кеңейтілген Кеңесінің отырысы өтті
-
«Саяси қуғын-сүргін: тарих тағылымы және қазіргі заман» тақырыбындағы форумы өтті
-
«Шынайы бауырластыққа негізделген достық пен туыстық дипломатиясы» тақырыбындағы халықаралық конференция
-
Татулығымыз бір шаңырақ астында
-
Нұр-Сұлтанда «Әбдіжәміл Нұрпейісов: өмір сыры мен шығармашылығы» атты халықаралық конференция өтті
-
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
15 Тамыз, 11:01
«Вяра» облыстық болгар этномәдени бірлесігінің құрылғанына 25 жыл
17 Тамыз, 12:14
«Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт» жобасы аясында Абай ауданының Аналар кеңесі өкілдерімен кездесу
18 Тамыз, 14:31
САУРАН АУДАНЫНДА «ӨНЕГЕЛІ ӘКЕ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
16 Тамыз, 18:41
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Жамбыл облысының жастарымен кездесті
15 Тамыз, 09:40
Жастарды патриоттыққа тәрбиелеу – ел бірлігін нығайтуға ықпал ететін маңызды фактор
Ұқсас жаңалықтар
-
«Ұлттық құрылтай – билік пен қоғам диалогының жаңа кезеңі» атты ҚХА кеңейтілген Кеңесінің отырысы өтті
-
«Саяси қуғын-сүргін: тарих тағылымы және қазіргі заман» тақырыбындағы форумы өтті
-
«Шынайы бауырластыққа негізделген достық пен туыстық дипломатиясы» тақырыбындағы халықаралық конференция
-
Татулығымыз бір шаңырақ астында
-
Нұр-Сұлтанда «Әбдіжәміл Нұрпейісов: өмір сыры мен шығармашылығы» атты халықаралық конференция өтті
-
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!