Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Мамыр, 2021

133

Алматыда Елбасы бастамасымен іске қосылған #ЕлбасыЖылуы акциясы бастау алды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен іске қосылған #ЕлбасыЖылуы, Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Қоғамдық Келісім" РММ Республикалық Достық үйімен бірлесіп, Алматы қаласында Жеңіс күніне арналған іс-шара өткізді. Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Закиржан Пирмухамедович Кузиев және Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы төрағасының орынбасары, ҚХА мүшесі Абдулхалил Долкунтай тұлғасында меценаттардың қолдауымен ҰОС 60 ардагері мен тыл еңбеккерлеріне, сондай-ақ фашизмнің кәмелетке толмаған тұтқындарына әрқайсысының салмағы 25 келі болатын азық-түлік жиынтықтарын дайындады.


Акция ардагерлердің қатысуымен Алматы қаласының Достық үйінде басталды. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Набиев Вакиль Гусейнович, Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы төрағасының орынбасары, РЭКЦУК Алматы қаласындағы филиалының төрағасы Жапаров Абайдулла Мухитдинович, Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы төрағасының орынбасары, ҚХА мүшесі Долкунтай Абдулхалил, Алматы қаласындағы Достық үйінің жетекшісі Алтекова Нұрсәуле Әбдіқадырқызы, модератор ретінде ҚХА мүшесі, Қазақстан ұйғыр жастары одағының төрағасы Рустам Қайраев сөз сөйледі. Сондай-ақ, ардагерлерге Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі Нұрымов Шаймардан Усаинұлы өз құттықтауларын жолдады.


Ұйымдастырушылардың құттықтау сөздерінен кейін ардагерлер Соғыс жылдарындағы және жеңістен кейінгі қалпына келтіру жылдарындағы қиын кезеңдер туралы естеліктерімен бөлісті. Іс-шара соңында этномәдени бірлестіктердің мүшелері ардагерлерге азық-түлік жиынтығын жеткізуді бастады.

Сол сияқты Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы 150 аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеттері табыстады.

Акцияны бастау кезінде ҚХА төрағасының орынбасары Закиржан Пирмухамедович Кузиев, "Панфилов ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ басшысы Марат Тайлақұлы Илипов, республикалық этномәдени орталықтың Панфилов ауданындағы филиалының төрағасы Азат Саутович Гаитов, Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығының атқарушы директоры Зухрулам Абаевич Құрманбакиев, Қазақстан ұйғыр жастары одағының төрағасы, ҚХА мүшесі Рустам Абдусаламович Кайриев сөз сөйледі. Ұйымдастырушылар қатысушыларды акциямен таныстырды, содан кейін Панфилов ауданының мұқтаж тұрғындарына жеткізу басталды.


Кейін қарай