Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Ақпан, 2024

325

Алматыда Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби кездесу өтті

Алматы қаласындағы республикалық Достық үйі мен Қазақстан жазушылар одағының ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби кездесу өтті.

Әдеби кездесудің модераторы Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма Төрағасының орынбасары Бейбіт Сарыбаев. Іс-шараға белгілі қоғам қайраткері Асылы Осман, балалар жазушысы, әдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында Тәуелсіздік дәуірі әдебиеті және көркем публицистика бөлімінің бас ғылыми қызметкері Нұрдәулет Ақыш, «Балдырған» журналының бас редакторы Дүйсен Мағлұмов,«Ақ желкен» журналының бас редакторы Есей Жеңісұлы, Алматы қаласындағы №188 мектеп-гимназиясы, № 156 жалпы білім беретін мектептің ұйғыр сыныбы, «Талғар аудандық жеке лицей-интернаты №1» жеке мекемесінің оқушылары және зиялы қауым өкілдері, этномәдени орталықтардың басшылары мен мүшелері қатысты.

Қазақ прозасында алатын орны ерекше, балалар әдебиетінің классигі – Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы биыл халықаралық ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіледі. XX ғасырдың озық қаламгері балалар мен жасөспірімдерге арналған 20-дан астам повесть, романдарды ұсына отырып өзі өмір сүрген заманның шынайы келбетін суреттеген.

Іс-шара барысында қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, мектеп оқушылары жазушының туындыларын оқып, шығармаларынан инсценировка көрсетті.

Кейін қарай