Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Тамыз, 2024

86

АЛМАТЫДА АТЫ АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН ҰШҚЫШ ТАЛҒАТ БИГЕЛДИНОВТІ ЕСКЕ АЛУ КҮНІ ӨТТІ

Алматы қаласында республикалық Достық үйінің қызметкерлері және басқарма мүшесі, полковник, заң ғылымдарының кандидаты Р.Х. Ниязов бастаған Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақстан ұйғырларының республикалық бірлестігінің» өкілдері Кеңес Одағының екі мәрте батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдиновтың туғанына 102 жылтолуына арналған еске алу күніне қатысты. Бұл іс-шараны генерал-майор М.Ө.Телеғұсовтың басшылығымен «Офицерлер одағы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Қатысушылар Кеңес Одағының батыры атағына екі мәрте ие болған жалғыз қазақ, авиация генерал-майоры Т.Я. Бегелдиновтың (1922-2014) гүлшоқтарын қойды.

28 гвардия-панфиловшылар атындағы саябақта Мәңгілік алауда барлық қатысушылар аты аңызғаайналған ұшқыш Т.Я. Бигелдиновты және Ұлы Отансоғысында (1941-1945 жж.) қаза тапқан барлық батырларды еске алып, гүл шоқтарын қойды.

«Офицерлер одағы» ҚБ төрағасы генерал-майорМ.У. Телегусов әскери-техникалық мектеп курсанттарына екі мәрте Кеңес Одағының батыры,атақты штурмовик-ұшқыш, полк командирі, генерал-майор Т.Я.Бегелдиновтың жауынгерлік ерлігі, сүйікті Отаны - Қазақстан Республикасының игілігі менгүлденуі үшін бейбіт уақыттағы өмірі мен еңбегі туралы айтып берді.

Іс-шарадан кейін қатысушылардың жұмыс кездесуі өтті, онда «Қоғамдық келісім» РММ-нің бассарапшысы Г. Біләлова Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің негізгі бағыттары және оның құрылымы туралы қатысушыларды хабардар етті. Кездесуде этносаралық саладағы патриоттық тәрбие мен профилактикалық жұмыс жөнінде «Офицерлер одағы»ҚБ-нің ҚХА этномәдени бірлестіктерімен және басқада қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастығы мәселелері талқыланды.

Кейін қарай