Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Ақпан, 2025

172

Алматы қ. республикалық Достық үйінде «Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы: Ана мен бала бақыты – қоғамдық тұрақтылықтың негізі» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті

2025 жылғы 12 ақпан Алматы қ. республикалық Достық үйінде ҚХА республикалық Аналар кеңесі және «Ариана» ауған орталығы ҚБ Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы: Ана мен бала бақыты – қоғамдық тұрақтылықтың негізі» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің төрағасы Н. Шанаи, ҚХА мүшесі, қоғам қайраткері Асылы Осман, Алматы қаласының мәслихат депутаты, Алматы қаласы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Диана Ерлан, педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Гүлмира Саудабаева, Қазақстан Жазушылар кітапханасының қызметкері, режиссер-сценарист, ҚР мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Елена Ағайса, «Ариана» ауған орталығы ҚБ Аналар кеңесінің төрағасы Анна Мохаммед және ҚХА этномәдени бірлестіктерінің, қоғамдық құрылымдарының өкілдері қатысты. Сондай - ақ, онлайн форматта өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ-Достық үйлерінің өкілдері қосылды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің төрағасы Н. Шанаи өзінің сөзінде ҚХА-ның 30 жылдығы аясында еліміз бойынша өткізілетін негізгі іс-шараларға тоқталып, Аналар кеңесі қызметінің негізгі міндеттеріне, «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт», «Салауатты сана» жобаларына тоқталды. Бұл жобалар нашақорлық, лудомания, тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдықпен күрестің алдын алуға бағытталған жұмыстарды қамтиды.

Іс-шара барысында отбасының қоғамдағы рөлі, өмірлік қағидаттарды қалыптастырудың маңыздылығы, ұрпақтар сабақтастығы, ұлттық дәстүр мен рухани құндылықтар мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, дөңгелек үстелге қатысушылар арасында «Ақ орамал» акциясы өтті.

Кейін қарай