Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Тамыз, 2021

141

Алматы облысындағы Аналар кеңесінің мүшелері «Ақ орамал» акциясы аясында бірқатар іс-шара өткізді

Алматы облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Семей ядролық полигонының жабылуына 30 жыл толуына байланысты республикалық «Ақ oрамал» акциясын өткізуге бастама жасады,


Бұл акция облысымызда кең көлемде өтіп, әр ауданның Аналар кеңесі қолдау білдіріп отыр. Мәселен, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылының Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен өткен «Ақ орамал» акциясы аясында аудандық мешітте имам жаңадан шаңырақ көтерген жастардың некесін қиып, аналар жас келінге ақ орамал салып, ақ жаулықты кірлетпей, ақ сүтті ақтаған ұрпақ өсуін тілеп, ұрпақтарының бесігін тербетуіне бата берді. Чапай ауылында Ардагерлер ұйымымен бірге Аналар кеңесі бөлмесінің ашылу салтанаты өтті. Сонымен қатар, «Ақ орамал - бейбіт болашақтың белгісі» тақырыбында іс -шара ұйымдастырылды.
Райымбек ауданының аналары дәл осы акция аясында перзентхана мен АХАЖ бөліміндегі жас келіндерге ақ орамалдарын тағып, баталарын берді, Аналар бастарына ақ жаулықтарын салып, ауданның басты көшесімен жүріп өтіп, ҰОС ардагерлерінің ескерткіштеріне гүл шоқтарын және бейбітшіліктің нышаны ретінде ақ орамалдар қойды. Дәл осы акция Кеген ауданында жалғасын тапты.

Акция облысымыздың барлық қала, аудандарында 29 тамызға дейін жалғасады.


Кейін қарай