01 Шілде, 2024
260
Алматы облысында славян мәдениеті фестивалі өтті
Қонаев қаласының Мәдениет үйінде славян мәдениетінің дәстүрлі "Абай және Пушкин – екі жүректің үндестігі" атты фестиваль болды. Бұл жыл сайын Алматы облысының шығармашылық ұжымдарын біріктіретін және жүздеген көрерменді қызықтыратын шара.
Фестиваль А. С. Пушкиннің туғанына 225 жыл толуына және Ұлы Абай Құнанбаевтың шығармашылығына орай ұйымдастырылды. Мақсат: славян мәдениетінің байлығын сақтау және көбейту, түрлі ұлттың әр жастағы азаматтарының бір ортаға жиылуына мүмкіндік туғызады.
Шараның өтуіне мұрындық болған – Алматы облысының "Қоғамдық келісім және даму орталығы" КММ-сі мен "Қазақстанның Орыс, славян және казак ұйымдарының Қауымдастығы" ЗТБ Алматы облыстық филиалы.
Фестиваль 20 жылға жуық уақыт бойы Алматы облыстық орыс орталығының және "Алматы облыстық орыс орталығы" ҚБ төрағасы Лариса Леонидовна Котельникованың қатысуымен өтті. Алайда, Қонаев қаласында фестиваль екінші жыл қатарынан ұйымдастырылуда.
Сахнада Іле ауданының шығармашылық ұжымы – "Гжель" вокалдық тобы, "Юнона" жекеменшік мектебінің ложкарьлары, "Өрнек" және "Юные таланты" би ансамбльдері, Еңбекшіқазақ ауданынан "Рябинушки" вокалдық тобы өз өнерімен көпшілікті сүйсінтті. «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының вокалистері поппуриді әсерлі орындауымен көрермендерді баурап алды. Бірақ іс-шараға ерекше әсер еткен қойылымды – Алтай өлкесінен келген Карина Казакованың жетекшілігімен "Большеречье" фольклорлық ансамблі ұсынды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті
-
«Халық әуендері» ноталар жинағының тұсаукесері өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
Астанада қазақ-орыс-ағылшын фразеологиялық сөздігінің тұсаукесері өтті
-
Ақмолада ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті