Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Мамыр, 2024

91

Алматы облыстық ҚХА мүшелерімен Ғалым Шойкин кездесті

Алматы облысына Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин жұмыс сапарымен келді. Ғалым Нұрмағамбетұлы облыстық ҚХА мүшелерімен кездесті.

Кездесудің мақсаты Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген тапсырмаларының жүзеге асырылуы, қоғамдық келісімді қалыптастыру жолында Ассамблея мүшелерімен бірлесе жүзеге асып отырған жұмысты жетілдіру жолдарын талқылау болып табылады.
Ғалым Шойкин өз сөзінде, Ассамблея іргелі істердің басы-қасында жүретін негізгі тірек екенін атап өтті.

«Елдегі әр болып жатқан маңызды жайыттарда Ассамблея бел ортасында жүреді. Ол солай болуы тиіс. Алматы облысы этнос өкілдері көп шоғырланған аймақ. Сондықтанда этносаралық келісім мен татулықтың туын жықпай ұстау басты міндет» - деді Ғалым Шойкин.

Сондай-ақ, жиында ҚХА мүшесі, Алматы облыстық әзербайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы Асылы Осман, Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары Гамзе Гейдаров сөз алып, облыстық Ассамблея мүшелерімен атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Еске саламыз, Ғалым Нұрмағамбетұлы бұған дейін Алматы, Жетісу облыстары мен Алматы қаласы өкілдерінің қатысуымен Қонаев қаласында өтіп жатқан «Этномедиацияның базалық негіздері» тақырыбында этномедиаторларды дайындау бойынша бес күндік семинар- тренингке арнайы қатысып, дәріс оқыған болатын.

Кейін қарай