Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Шілде, 2022

94

Алматы қаласы республикалық Достық үйінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және парасаттылықты қалыптастыру бойынша дөңгелек үстел өтті

Алматы қаласында республикалық Достық үйі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және парасаттылықты қалыптастыру бойынша дөңгелек үстел өтті.

Талқылауға мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП басшылары, бизнес саласында қызмет ететін этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері мен кәсіпкерлік қоғамдастық қатысты.

Іс-шара аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басым бағыттары талқыланды.

Сыбайлас жемқорлық – бұл екі жақ арасындағы қылмыстық «мәміле» деп тұжырымдауға болады, оның бірі – өз лауазымдық өкілеттігін заңға қарсы пайдаланатын мемлекттік немесе жеке қызметте жұмыс істейтін тұлға, екіншісі – мемлекеттік немесе жеке құрылымды өз басының пайдасы, яғни материалдық жағдайын көтеру, артықшылық алу, заңда көзделген жауапкершіліктен таю үшін пайдаланатын адам. Жиын барысында мұндай әлеуметтік құбылыстың қаншалықты қауіпті екендігі, қоғамға және қоғамның мүшелеріне және басқа зиян келтіретіндігі жөнінде сөз болды.

«Азаматтық қоғамның қатысуынсыз коррупцияға қарсы тұру мүмкін емес. Өзінің азаматтық құқықтары мен міндеттері туралы қажетті білімі бар, сыбайлас жемқорлық көріністерін өздерінің азаматтық құқықтарын бұзу ретінде қабылдайтын және осы құқықтарды қорғауға дайын азаматтарды құқықтық тұрғыдан сауатты тәрбиелеу қажет», - деп Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Асхат Оразхан атап өтті.

Дөңгелек үстел соңында Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталып, барлық қатысушыларды мемлекетке адал қызмет етуге үндеді.

Кейін қарай