
30 Қаңтар, 2023
177
Алматы қаласы ҚХА Аналар кеңесі отбасындағы зорлық-зомбылық, нашақорлық және суицидтің алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарды күшейтпек
Бүгін Алматы қаласының Достық үйінде уәкілетті мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің отырысы өтті.
Күн тәртібінде ағымдағы 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспары, сондай-ақ нашақорлықтың, суицидтің, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және т.б. алдын алу мәселелері бойынша Алматы қаласы ҚХА Аналар кеңесінің уәкілетті мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылдары талқыланды.
Алматы қаласы ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы М.Исраилова Кеңестің өткен жылғы атқарған ауқымды да маңызды жұмыстары туралы барынша толық ақпарат берді.
Кеңес отырысына қатысушылар: Алматы қаласы білім басқармасының адамгершілік - рухани тәрбие бөлімінің басшысы Тау Нұргүл Тауқызы, полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Көбеев Дәурен асқарұлы қатысты. Алматы қаласы, Кенесбекова Салия Кеңесбекқызы – Алматы қаласы ҚДБ психикалық денсаулық орталығының дәрігер-наркологы, Алматы қаласы полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі инспекторы, Гүлнар Бекенова Абдуалиқызы – «Жыныстық және репродуктивті денсаулық жөніндегі қазақстандық қауымдастық» қоғамдық бірлестігінің бағдарламалық үйлестірушісі.
Отырыс барысында Алматы қаласы ҚХА Аналар кеңесі «Ассамблея жастары» секілді түрлі жастар бірлестіктерін тарту арқылы отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, жасөспірімдер арасындағы нашақорлық және суицидтің алдын алуға бағытталған профилактикалық сипаттағы жұмыстарды күшейту туралы шешім қабылдады.
Кездесу соңында бірлескен профилактикалық жұмыстарды жүргізу бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп, аталған мәселелер бойынша жасөспірімдер мен жастарға дұрыс ақпарат беру үшін алдағы уақытта Алматы қаласы Аналар кеңесінің өкілдеріне арнайы семинар-тренингтер өткізу жоспарланды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Петропавл қаласындағы арандатушылықтарға қатысты
-
Ақтөбе қаласындағы «Әзірбайжандар қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігі «Армысың, әз – Наурыз!» атты мерекесін атап өтті
-
ӘЙЕЛДЕР МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА ҚХА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІ БАС ҚОСТЫ
-
ҚХА кафедралары Алғыс айту күнін атап өтті
-
Сенаторлар және ҚХА өкілдері алдағы бірлескен жұмыстың басым бағыттарын талқылады
-
Басты және жоғары деңгейдегі екіжақты байланыс
27 Наурыз, 10:06
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXХІI сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды
вчера, 18:48
Петропавл қаласындағы арандатушылықтарға қатысты
28 Наурыз, 15:53
Назардан тыс қалмады
26 Наурыз, 09:28
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӘЖІКТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН ТОЙЛАУДА
29 Наурыз, 16:33
Қостанайда дәстүрлі діни конфессиялар жетекшілерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Петропавл қаласындағы арандатушылықтарға қатысты
-
Ақтөбе қаласындағы «Әзірбайжандар қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігі «Армысың, әз – Наурыз!» атты мерекесін атап өтті
-
ӘЙЕЛДЕР МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА ҚХА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІ БАС ҚОСТЫ
-
ҚХА кафедралары Алғыс айту күнін атап өтті
-
Сенаторлар және ҚХА өкілдері алдағы бірлескен жұмыстың басым бағыттарын талқылады
-
Басты және жоғары деңгейдегі екіжақты байланыс