11 Сәуір, 2022
447
Алмас Жұмағали: Қазақстанда жаңа Конституция қабылдау қажет
Қазақстанда жаңа Конституция қабылдау қажет. Бұл туралы заң ғылымдарының кандидаты, PhD Алмас Жұмағали еліміздің құқықтық жүйесін жетілдіруге қатысты өткен жиында айтты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар мемлекеттік билік механизмінде Конституциялық Сотты құру биліктің бөліну принципіне, конституциялық процестің үздіксіздігі мен қайтымсыздығына, мемлекеттік органдардың қоғам мен халық алдындағы жауапкершілік алатынына кепілдік беретінін айтты. Сондай-ақ азаматтар мен басқа да құқық субъектілеріне құқықтары бұзылған жағдайда тікелей қорғауға мүмкіндік беретінін жеткізді.
Заңгер Алмас Жұмағалидың айтуынша, Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін жетілдіру мәселесіне келгенде өзгерістерді алдымен Конституциядан бастау керек.
«Саяси реформаның ең бастысы – Конституцияға өзгеріс енгізу. Тіптен жаңа Конституция қабылдау қажет. Президенттің 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» жолдауында айтқан шешімдері, бастамасы дұрыс. Бірақ сөз күйінде қалмай, жұмыс тобы тез арада өзгерістерді Конституциялық заңдардан бастап енгізуі керек. Конституциялық соттың қайта қалыпқа келуі өте дұрыс. Сонда халық ойын ашық айта алады. Сонымен қатар елімізде мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелері қатар болуы керек. Президент мажоритарлық жүйені 30 пайыз енгізіп жатыр, бірақ түбінде елуде елу болуы керек деген ұсыныс айтылды», – деді Сулейман Демирель атындағы университеттің аға оқытушысы.
Талқылауға қатысқан заңгерлер қолданыстағы заңды жетілдіргенде өз құқықтарын жүзеге асыруда көптеген қиындықтарға тап болып отырған азаматтардың құқықтары мен бостандықтары туралы блокқа ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан Республикасының Конституциясы Күнімен!
-
ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ ҚАРСАҢЫНДА АССАМБЛЕЯ АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРДАН ШЫҚҚАН 100 ЕЛОРДАЛЫҚ БАЛАҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ
-
Қонаев қаласында «Ел бірлігі – Жаңа Қазақстан» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
-
Қоғамдық қабылдау
-
Астанада жаңа туған нәрестелерге домбыра сыйға тартылды
-
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӘЖІКТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН ТОЙЛАУДА
23 Қыркүйек, 14:38
ШЫМКЕНТТЕ ӨЗБЕК МӘДЕНИЕТІНІҢ КҮНДЕРІ АТАП ӨТІЛДІ
22 Қыркүйек, 17:26
Республикалық әдістемелік кеңесінің онлайн-отырысы
20 Қыркүйек, 22:04
Ғылыми-сараптамалық қоғамдастық этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың жай-күйі мен перспективаларын талқылады
19 Қыркүйек, 19:18
ҚАРАҒАНДЫДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXVI СЕССИЯСЫ ӨТТІ
22 Қыркүйек, 20:04
ОРАЛДА «ҚХА ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ ЖӘНЕ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БІРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ РӨЛІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан Республикасының Конституциясы Күнімен!
-
ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ ҚАРСАҢЫНДА АССАМБЛЕЯ АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРДАН ШЫҚҚАН 100 ЕЛОРДАЛЫҚ БАЛАҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ
-
Қонаев қаласында «Ел бірлігі – Жаңа Қазақстан» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
-
Қоғамдық қабылдау
-
Астанада жаңа туған нәрестелерге домбыра сыйға тартылды
-
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӘЖІКТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН ТОЙЛАУДА