Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Наурыз, 2022

426

Алғыс айту күні қазақстандықтардың жүрегінде ерекше орын алады

Бұл туралы елордалық Достық үйі базасында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің, сондай-ақ этномәдени бірлестіктер басшылары мен өкілдерінің қатысуымен өткен Алғыс айту күніне арналған дөңгелек үстел отырысында айтылды.

Отырысты аша отырып, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ директоры Ғ.М. Құсманғали Алғыс айту күнінің маңыздылығын атап өтті.


«Алғыс айту күнін тойлау – біздің жүрегімізде ерекше орын алады. Бұл күн мейірімділік пен достықтың жарқын мерекесіне айналды. Алғыс айту күні – бұл қиын кезеңдерді бастан кешірген және қысқа мерзім ішінде ортақ күш-жігерімізбен тәуелсіз Қазақстанды құрған еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне деген құрметі», – деп атап өтті.

ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Л.Прокопенко мен Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин дөңгелек үстел қатысушыларын айтулы күнмен құттықтай отырып, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға және сақтауға ат салысып жүрген барлық ҚХА мүшелеріне, этномәдени бірлестіктер өкілдеріне және этносаралық қатынастар саласында қызмет атқаратын азаматтарға алғыстарын білдірді.

Сонымен қатар, Алматы қаласында коронавирусты жеңген ғұмырлы апа Д.Каратаеваның немересі Н.Жұмабеков қатысты. Ауруды жеңе білген әжесі Д. Қаратаеваның қазіргі ауыру барысын және қазіргі қалпына келу шағын толық айтып берген спикер Н.Жұмабеков: «Нәтижесінде жақсы көрсеткіштермен әжеміз ауруханадан шығарылған күн оның 100 жасқа толуымен тұспа-тұс келді», – деп, ақ халатты абзал жандарға алғысын жаудырды.

Сонымен қатар, Алғыс айту күнінің тарихы туралы айта отырып, «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» Республикалық ЗТБ төрағасы В.Божко, «Вайнах «шешен және ингуш халықтарының мәдениетін дамыту қауымдастығы» ЗТБ Басқарма мүшесі Ю.Келигов, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары А. Хамедов пен А. Амирханян қазақ халқының ерекше рөлін атап өтті.

Сондай-ақ, қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясы желісі бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, бұл институттың жастарға рухани тәрбие, патриотизм, бейбітшілік, достық пен татулықты насихаттайтын жаңа жобаларды орталық деңгейде де, жергілікті жерлерде де жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.


Кейін қарай