11 Сәуір, 2022
259
Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ
Таза ауаны жұтқанды, таза суды ішкенді қалаймыз. Жасыл желекті саялы орындарда серуендеуге де қарсы емеспіз. Тіпті қаламыздың таза, көрікті жерлерінде фотоға түскіміз келеді. Әдемілікке жанымыз құмар. Алайда қоршаған ортамыздың, жан-жағымызды таза ұстауға келгенде енжарлық танытатындар да аз емес.
Бүгін облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасымен «Ассамблея жастары» РҚБ Қызылорда облысы бойынша өкілдігі ұйымдастырған «Таза табиғат» акциясының да мақсаты - өскелең ұрпақты қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға шақыру болатын.
Сондай-ақ жастар арасында қамқорлық, бауырмашылдық қасиеттерді орнатып, еңбексүйгіштікке баулу. Өнегесі мол шараға Ассамблея жастарының белсенділері мен "Қоғамдық келісім" мекемесінің қызметкерлері, еріктілер қозғалысы үлес қосты.
Табиғат жанашыры болып, өз ортасын таза ұстауға үлесін қосқан әрбір тәрбиленуші үшін бұл жауапты іс.
Акция барысында жастар белгіленген аумақты тау-тау қоқыстан арылтып, тал екті, әктеп, сырлап, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Акция қорытындысы бойынша, осындай экологиялық шараларға белсенді қатысушы жастарға мекеме басшысы өз алғысын білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Холокост құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шара
-
Қазақстанның Тәуелсіздік күні
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинеттерінің Ашық есік күні» республикалық акциясы
-
Белгілі қазақстандық прозашы, публицист, аудармашы Герольд Бельгерді еске алу күні
-
Республика күніне арналған «DOSTYQ» кубогына әуесқойлар арасында футбол турнирі
-
Республика күні құтты болсын!
25 Қаңтар, 12:35
Қазақстан халқы Ассамблеясынан ҚР Парламенті Сенатының депутаттары тағайындалды
24 Қаңтар, 18:08
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары тағайындалды
24 Қаңтар, 17:16
Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті
27 Қаңтар, 19:03