Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Тамыз, 2022

46

Абай күніне орай облыстық байқау

Ағымдағы жылдың 10-тамыз күні қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың философияға толы шығармашылығын дәріптеу мақсатында Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы "Қоғамдық келісім" КММ жастар арасында "Қазақта қара сөзге дес бермедім" шығармашылық байқауын өткізді. Байқауға өңірімізден 16-29 жас аралығындағы жастар қатысып, -өзара бақ сынады.

Шара басында өңіріміздегі этномәдени бірлестіктердің мүшелері «Айттым сәлем, Қаламқас!» сахналанған қойылымын қойып, қазақ руханиятының асқарына деген құрметтерін паш етті. 3 кезеңнен тұратын сайыста қатысушылар ұлы ақынның өлеңдері мен қарасөздерін мәнерлеп оқып, Абай мұрасынан әндер орындады. Қатысушылар арасында ерекше көзге түскен Алина Белова «Айттым сәлем, Қаламқас!» туындысын скрипкада ойнап, өнерімен таңқалдырды.


Байқау қорытындысы бойынша Шұғыла Үбіш «Ой-көркем» номинациясын, Ерлан Баймағамбетов «Алтын дауыс» номинациясын, ал, Руслан Елемесов «Сөз маржаны» номинациясын иеленді.

І орынды Аида Мұратова, ІІ орынды Алина Белова, ІІІ орын Альазиз Лұқпанова қанжығасына байлады.


Абай туындылары – халқымыздың қасиетті, теңдесі жоқ қазынасы. Ендеше, оны насихаттау, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу – әр қазақтың парызы!


Кейін қарай