Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Шілде, 2021

29

Ақтауда республикалық Аналар кеңесінің төрайымымен кездесу өтті

Маңғыстау облысы Достық үйінде ҚХА республикалық Аналар кеңесінің төрайымы Шанаи Назипаның қатысуымен Аналар кеңесінің жиналысы өтті. ​ ​ ​

Отырысқа облыстық ҚХА жанындағы Маңғыстау облысының Аналар кеңесінің мүшелері, облыстық этномәдени бірлестіктерінің төрағалары, қоғамдық белсенділер қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты Аналар кеңесінің отбасын нығайту, отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды насихаттау, тұлғаның рухани, адамгершілік қасиеттерін дамыту, қоғамда бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету бойынша жұмысын жандандыру болды.

Отырыс барысында Маңғыстау облысының Аналар кеңесі отбасының әлеуметтік институтын нығайту, отбасылық қатынастар мен балаларды тәрбиелеу саласындағы дәстүрлі рухани – адамгершілік құндылықтарды жаңғырту мақсатында осы уақытқа дейін өткізген іс-шаралардың қорытындысы шығарылды. Сондай-ақ Аналар кеңесінің алдағы уақытта атқаратын жұмыс жоспары талқыланды. Іс-шара соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға толық жауап алды.

Кейін қарай