Қазақстан халқы Ассамблеясы

31 Мамыр, 2021

50

Ақтөбелік этнос өкілдері саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

«Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ «Қоғамдық келісім» КММ директоры Н. Ағниязовтың ұйымдастыруымен 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты «Ұлы нығмет: қасіреті мен тағылымы атты дөңгелек үстел өтті.

Аталмыш шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктердің, «Қоғамдық келісім», Аналар Кеңесі мен «Бірлік» ақсақалдар Кеңестерінің мүшелері қатысты.

Шарада Қ.Жұбанов атындағы АӨУ-нің профессоры, тарих ғалымдарының докторы Н.Абдоллаев қатысып, «Қазақстан тарихының ақтаңдақ беттері» тақырыбында баяндама жасады.

- Біздің естеліктеріміз халықтың, әсіресе жас ұрпақтың жүрегінде ыза-кек, өшпенділік отын қоздатпауы тиіс. Қуғын-сүргіндерден барлық халықтар, миллиондаған жазықсыз адамдар зардап шекті және сол ауыр зардаптарды бірлесіп жеңді. Өткеннің кінәсін бүгінгі және болашақ ұрпақтың мойнына арытуға болмайды, - деді «Қоғамдық келісім» КММ маманы Сапаров Түлкібай.

Дөңгелек үстелге қатысушылар өзара ой-пікір бөлісіп, Алаш арыстарының ерлігін насихаттап, жастарды тарихты оқып үйренуге және зерделеуге шақырды.


Кейін қарай