05 Тамыз, 2021
145
Ақтөбеде «Медиация – уақыт талабы» атты халықаралық конференция өтті
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Медиация туралы» ҚР Заңының 10 жылдығына, Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация институтының 5 жылдығына байланысты 4 тамыз күні ZOOM платформасымен «Ақтөбе облысының медиатолар кеңесі» басшысы, медиатор-жаттықтырушы - С.А Балпеисованың төрағалығымен Ақтөбе қаласының «Халықаралық келіссөздер академиясы» Қауымдастығы» «Медиация-уақыт талабы» тақырыбында халықаралық конференциясын ұйымдастырды.
Іс-шараға еліміздің кәсіби және кәсіби емес медиаторлары, шетелдік медиаторлар және «Қоғамдық келісім» КММ директоры мен қызметкерлері қатысты.
Қазіргі уақытта Америка Құрама Штаттарында тұратын отандасымыз Данна Саммерс «Отбасылық қатынастардағы өзекті мәселелер» тақырыбында қызықты әрі танымдық баяндама жасады. Сондай – ақ, кәсіби жаттықтырушы-медиатор, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау орталығының талдаушысы, Ұлыбритания медиаторлар алқасының сертификатталған медиаторы, РФ Ұлттық Медиаторлар ұйымының мүшесі, Мәскеу қаласынан жаттықтырушы-медиатор Марина Викторовна Быкованың «Бала және оның медиацияға құқығы» тақырыбындағы баяндамасы объективті болды.
Профессор, заң ғылымдарының кандидаты, Қазақ-орыс халықаралық университетінің «Құқық» кафедрасының меңгерушісі, ҚР РҒА, Ақтөбе қ. Корреспондент-мүшесі Каирова Нелли Имамуратовна мен Коняхин Артем Николаевич - кәсіби медиатор, Ақтөбе облысы Заңгерлер палатасының мүшесі, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау кеңесі» ҚБ басшысының орынбасары өз сөздерінде бүгінгі күні медиацияның рөлі қаншалықты зор, оның артықшылықтары мен болашағы қандай деген сұрақтарға толыққанды жауап берді.
- Тәуелсіздігіміздің ұлы құндылықтарының бірі «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» - демекші, елімізде Медиация туралы заңның қабылдануы — соның айғағы. Медиация - қоғамда тұрақтылық орнатып, өзге ұлт арасындағы достық пен ынтымақты нығайтушы күш. Дау мен жанжалды бітімгершілік жолымен шешіп, азаматтар арасындағы адами құндылықтарды сақтап қалудың бір жолы деді, - «Қоғамдық келісім» РММ-нің жобаларын іске асыру және құрылымдарымен жұмыс жасау басқармасының басшысы, жаттықтырушы-медиатор Италиева Талшын Мұқатқызы.
Конференция барысында қоғамның құқықтық мәдениетінің даму деңгейін жоғарылатуға арналған қатысушылардың баяндамалары тыңдалып, сұрақтарға жауап беріліп, алдағы уақытқа жоспарланған жобалары талқыланды.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Ұлттық құрылтай – билік пен қоғам диалогының жаңа кезеңі» атты ҚХА кеңейтілген Кеңесінің отырысы өтті
-
«Саяси қуғын-сүргін: тарих тағылымы және қазіргі заман» тақырыбындағы форумы өтті
-
«Шынайы бауырластыққа негізделген достық пен туыстық дипломатиясы» тақырыбындағы халықаралық конференция
-
Нұр-Сұлтанда «Әбдіжәміл Нұрпейісов: өмір сыры мен шығармашылығы» атты халықаралық конференция өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясы қарсаңында ауқымды эксперттік дискуссиялар өтті
23 Маусым, 15:15
«Ұлттық құрылтай – билік пен қоғам диалогының жаңа кезеңі» атты ҚХА кеңейтілген Кеңесінің отырысы өтті
28 Маусым, 16:35
«Барбанг» жастар комитетінің кезекті жиналысы өтті
23 Маусым, 18:56
22 маусым күні Алматы қаласы республикалық Достық үйінде Грек Республикасының Қазақстандағы елшісі – Эфталия Какиопулумен кездесу кеші өтті
27 Маусым, 16:39
Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясы
23 Маусым, 11:03
Маңғыстауда Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығының "ҚХА КӘСІПКЕРЛЕР ҚАУЫМДЫСТЫҒЫ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ" атты бизнес-форумы өтті