
05 Маусым, 2024
336
Ақтөбеде «Бірлік.Жасампаздық.Өрлеу» тақырыбында облыстық ҚХА XXVII сессиясы өтті
Сессияның негізгі тақырыбы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы болды.
Ақтөбе өңіріндегі ҚХА өкілдері облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту, жастарды идеологиялық тәрбиелеу және олардың әлеуметтік маңызы бар жобаларын қолдау, мемлекеттік тілдің этносаралық коммуникация тілі ретіндегі рөлін нығайту және дамыту мәселелерін талқылады.
Сессия жұмысына мемлекеттік органдардың басшылары, депутаттар, кәсіпкерлер, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, ҚХА жастар қанаты қатысты.
Сессия барысында облыс әкімі Ақтөбе өңірінің ҚХА мүшелерінің қызметіне тоқталып, олардың су тасқынымен күресте белсенді қатысқанын атап өтті.
«Биыл халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Еліміздің көптеген аймақтарын, оның ішінде біздің өңірімізді тасқын су басты. Ақтөбеліктер зардап шеккен жерлестеріне көмек қолын созып, ынтымақ пен бірлік танытты. Су тасқынының алғашқы күндерінен бастап Ақтөбе облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы және этномәдени бірлестіктер де белсенділік танытты, отандастарына көмектесті. Жұртқа жан-жақты көмек беру үшін Ассамблея мүшелері өңірлік штаб құрып, эвакуациялық пункттерде тәулік бойы жұмыс істеді, тұрғындарға, құтқарушылар мен еріктілерге ыстық тамақ таратты. «Қоғамдық келісім» ғимаратында гуманитарлық көмек жиналды, эвакуациялық пункттерге азық-түлік, киім-кешек және тұрмыстық заттар жеткізілді. Облыстық Ассамблея мүшесі, «Глобал-Спецодежда» ЖШС директоры Надежда Александровна Шабаева су тасқынымен күресіп жүрген азаматтарға 1057 данаарнайы киім тігіп, таратты. Мұндай іс-әрекеттер Ақтөбе облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының бірлігімізді нығайтуға қызмет ететін бірегей құрылым екенін дәлелдейді. Сіздерге алғысым шексіз», - деді облыс әкімі.
Асхат Шахаров қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді нығайту өте маңызды міндет екенін және Ассамблея жергілікті атқарушы билікпен бірлесіп, бұл мәселелерді тұрақты бақылауда ұстап, этноәлеуметтік шиеленіс ошақтарын анықтап, осындай оқиғалардың алдын алу керектігін атап өтті.
Облыс әкімінің айтуынша, Ассамблея осыған байланысты жастарды идеологиялық тәрбиелеуге ерекше назар аударуы керек. Атап айтқанда, жастардың әлеуметтік маңызды жобаларын қолдау, еріктілер мен жастар бірлестіктерін көтермелеу ұсынылды. Дәлірек айтсақ, жастар арасында нашақорлық, лудомания, вандализм және зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жұмысты күшейту қажет. Тіл саясатына ерекше назар аударылды.
«Қазақ тілі уақыт өте келе этносаралық қатынас тіліне айналады деген сенімдемін. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге этнос жастарының саны жылдан жылға артуда. Осындай жастарымыз тарапынан әлеуметтік желілерде халқымыздың мәдениетін, ғұрыптары мен дәстүрлерін құрметтеуге негізделген әр түрлі шағын бағдарламалар, подкастар, семинар-тренигтер ұйымдастырылуда. Бұл өте пайдалы әрі саяси тұрғыдан маңызды жұмыс», - деді әкім.
Сессия барысында Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Амангелді Қонақбаев тіл саясатын іске асыру туралы баяндады. Облыстық ҚХА төрағасының Қоғамдық орынбасары, облыстық корейлер қауымдастығының төрағасы Юрий Шек, «Жастар Ассамблеясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық өкілдігінің мүшесі Милана Хаджиева және басқа қатысушылар сөз сөйледі.
Су тасқыны салдарын жоюға атсалысқан, зардап шеккендерге көмектескен белсенді ҚХА мүшелеріне облыс әкімі Асхат Шахаров алғыс хаттар табыстады.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қызылорда облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Павлодар облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы облысы
16 Маусым, 23:30
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
17 Маусым, 22:41
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
вчера, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
17 Маусым, 22:45
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
16 Маусым, 00:02
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қызылорда облысы
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қызылорда облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Павлодар облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы облысы