Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Мамыр, 2024

78

Ақмолада «Еңбек пен бірлік жарасқан өңір» бірегей жобасы бастау алды

Ақмола ассамблеясы бастамасымен облыстың еңбек ұжымдарында «Еңбек пен бірлік жарасқан өңір» бірегей жобасы бастау алды.

Жобаның негізгі идеясы - этностардың мәдени алуан түрлілігін көрсету арқылы, еңбек өкілдері арасында қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының байлығын, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтауды насихаттау.

Степногорск қаласының 60 жылдығын мерекелеу жылында «Степногор подшипник зауыты» АҚ осы шараны өткізетін орын болып белгіленді.

Фестиваль аясында арқан тарту, асық ату, қой көтеру сияқты ұлттық ойындары, ұлттық шығармашылық, қолданбалы өнер көрмесімен танысу, қазақ салт-дәстүрлерінің театрландырған қойылымы, ұлттық тағамдар дайындау мастер-классы өтті.

«Менің Қазақстаным» атты концерттік бағдарламада әр этнос өкілдері қазақ әндерін тамылжыта орындады.Көп ұлттың басын қосқан, бірлігі жарасқан тәуелсіз елдің тұғыры әрқашан биік болады.

Шара барысында жалпыұлттық бірлік пен қоғамдағы келісімге сүбелі үлесін қосып жүрген қала азаматтарды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Айгүл Нұрмаганова Алғыс хаттармен марапаттады.

Кейін қарай