Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Маусым, 2024

100

40 астам адам ҚР мемлекеттік рәміздер күніне арналған жеңіл атлетикалық жүгіру сөресіне шықты

Петропавл қ. қалалық саябағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне арналған жеңіл атлетикалық жүгіру өтті.

Сөреге 40 жуық адам шықты. Олар: Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, «Ассамблея жастары» РҚБ облыстық филиалының жастары, колледж студенттері, кәсіпорын қызметкерлері және белсенді қала тұрғындары.

Тіркеуден кейін жүгіру әуесқойларына ҚХА логотипі, БІЗ_БЕРГЕМІЗ хэштегі бар футболкалар мен мемлекеттік рәміз бейнеленген жалаушалар берілді.

Іс-шара мемлекеттік әнұранды орындаудан басталды.

Алғы сөзді Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіСолтүстік Қазақстан филиалының төрағасы, киокушинкай каратэден 4 дана қара белбеу иегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем кубогының иегері Владимир Николаевич Витченко айтты.

Барлық қатысушылар Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің дене шынықтыру оқытушысы Татьяна Викторовна Тулупова өткізген ширату жаттығуын жасады.

«Жүгіру белсенді әрі оңай өтті. Қайырлы шуақты таң. Жақсы жол, 2 шақырым. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты - ҚХА белсенділері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, аға және жас ұрпақ арасындағы сабақтастықты нығайту», - деп атап өтті Қазақстан халқы ассамблеясының ең беделді белсенділерінің бірі, жүгіруге қатысушы Райса Рафаиловна Рамазанова.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімін «Солтүстік Қазақстан облыстық әзірбайжан мәдениеті орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Чингиз Гаджимамед-Оглы Курбанов, «Кентрон» Солтүстік Қазақстан облыстық армян мәдениеті орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Залибек Акобович Мхоян, Республикалық қоғамдық бірлестік филиалының төрағасы Убайдулло Мухибович Раджабов өткізді.

Жүгіру нәтижелері:

Ерлер арасында:

1 орынды – Т. Сингатуллин,

2 орынды – У. Темирбаев,

3 орынды – Д. Гущин қанжығасына байлады.

Әйелдер арасында:

1 орынды – А. Бороненко,

2 орынды – Е. Кондрашина,

3 орынды – К. Зиятдинова иеленді.

Барлық жеңімпаздар дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ең жас Алина Ахметова мен ең егде қатысушы Р.Р. Рамазанова да назардан тыс қалмады. Оларға сертификат пен кубок табысталды.

Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы жарыстың барлық жеңімпаздарын тағы да құттықтап, әрбір қатысушыға зор денсаулық, шығармашылық табыс және биік белестерді бағындырудытілейді.

Салауатты өмір салтын насихаттау – Ассамблея белсенділерінің басым міндеттерінің бірі.

Айта кетейік, «Дуслық» Солтүстік Қазақстан облыстық татар-башқұрт қоғамдық орталығы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен апта сайын Александр Винокуров атындағы спорт сарайында тегін «Денсаулық сағаты»өткізіледі.

Кейін қарай