Қазақстан халқы Ассамблеясы

Басшылық құрамы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев


1953 жылы 17 мамырда Алматы қаласында туған. Әкесі – Кемел Тоқайұлы Тоқаев (1923-1986) Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі жазушы, қазақ әдебиетінің детективті-шытырман оқиғалы жанрының негізін қалаушы. Шешесі – Тұрар Шабарбаева (1931-2000) Алматы шет тілдері педагогикалық институтында қызмет еткен.

Қ.К.Тоқаев 1975 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институт бітірген. КСРО-ның Қытай Халық Республикасындағы елшілігінде диплом алдындағы тағылымдамадан өткен. 1983-1984 жылдар аралығында Бейжің лингвистика институтында тағылымдамадан өтті. 1992 жылы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын тәмамдады.

Еңбек жолын 1975 жылы КСРО-ның Сыртқы істер министрлігінде бастап, Кеңес Одағының Сингапур Республикасындағы елшілігіне жұмысқа жолданған. 1979 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінің аппаратына оралады. 1984-1985 жылдар аралығында КСРО Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарып, кейіннен Кеңес Одағының Қытай Халық Республикасындағы елшілігіне жіберілді. Онда 1991 жылға дейін екінші хатшы, бірінші хатшы және кеңесші лауазымдарында қызмет істейді.

1992 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалады. 1993 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болды. 1994 жылы еліміздің Сыртқы істер министрі болып тағайындалады. 1999 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болды. 1999 жылғы қазанда Парламенттің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Премьер-Министр болып тағайындалды. 2002 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі болды. 2003-2007 жылдары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі. Бұл қызметте жаһандық ядролық қару-жарақты таратпау үдерісіне белсенді атсалысты.

2007 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы болып сайланды. 2008 жылы Қазақстан Парламентінің жоғары палатасының спикері ретінде ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының вице-президенті болып сайланды.

2011 жылғы наурызда БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры, сондай-ақ Қарусыздану жөніндегі конференцияда БҰҰ Бас хатшысының жеке өкілі болып тағайындалды. Сонымен қатар Қарусыздану жөніндегі конференцияның Бас хатшысы лауазымын атқарды. ТМД-ның және Шанхай ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің төрағасы болып сайланды.

2013 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы болып қайта сайланды.

2019 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті ретінде ант қабылдады.

2021 жылдың 28 сәуірінен бастап Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы.

2007 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының және осы партияның саяси кеңесі бюросының мүшесі. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі. Төтенше және Өкілетті Елші. Саяси ғылымдарының докторы. Дүниежүзілік гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі. Қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясы «Ғұламалар кеңесінің» мүшесі. Шэньчжэнь университетінің (ҚХР) және Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясының құрметті профессоры. Қазақстанның халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесінің құрметті президенті. Женева Дипломатия және халықаралық қатынастар мектебінің құрметті деканы. Ресей биографиялық қоғамының тұжырымы бойынша 2018 жылдың «Жыл адамы» лауреаттарының тізіміне енген. 13 жыл бойы Қазақстанның үстел теннисі федерациясын басқарды.

Халықаралық қатынастар мәселелеріне арналған 10 кітаптың авторы.

Қазақстан Республикасының және шет елдердің көптеген мемлекеттік наградаларымен, сондай-ақ медальдармен марапатталған.

Саламатты өмір салтын ұстанады. Көркем шығармаларды, саяси және мемуарлық бағыттағы әдебиеттерді оқығанды ұнатады.



Марат Алмасұлы Әзілханов

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі.

Әзілханов Марат Алмасұлы 1965 жылы дүниеге келген. 1988 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетін, 2000 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

1988-1992 жылдар аралығында Қызылорда қаласының Медициналық мекемелерінде дәрігер-хирург болып еңбек етті;

1992-2011 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет жасады;

2011-2013 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары;

2013-2014 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы;

2014-2016 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі;

2016-2018 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жауапты хатшысы;

2018-2019 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы.

2019 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице министрі болып тағайындалды.


Буларов Лугмар Харкиевич


1962 жылы 16 шілдеде Жамбыл облысы Қордай ауданы Шортөбе ауылында дүниеге келген.

Үйленген, төрт баласы мен немерелерін тәрбиелеп отыр:

жұбайы -Буларова Зухра Хакимовна;

қызы -Буларова Фарида Лугмаровна;

ұлы - Буларов Двумар Лугмарович;

ұлы - Буларов Расул Лугмарович;

ұлы - Буларов Махмуд Лугмарович


Буларов Лугмар Харкиевич

- Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары;

- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Құрылтайдың мүшесі;

-Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі;

-«Amanat» партиясының мүшесі;

-Қордай аудандық мәслихатының 4 шақырылым депутаты;

-Жамбыл облысы облыстық мәслихатының 7 шақырылым депутаты;

-Жамбыл облысы облыстық мәслихатының 8 шақырылым депутаты;

-Жамбыл облысы Қордай ауданының Құрметті азаматы;

-«Қазақстанның дүнген республикалық этномәдени орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің бақылау кеңесінің төрағасы;

-Жамбыл облысы бойынша «Вынхуа» дүнген мәдени орталықтары Қауымдастығының құрметті Төрағасы;

1979 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы, Шортөбе ауылындағы М.Ю. Лермонтов атындағы орта мектепті бітірді.

1979 -1980 жылдар аралығында №23 Тоқмақ қалалық училищесінде «Слесарь-механик» мамандығы бойынша оқыды.

Училищені бітіргеннен кейін 1980-1981 жылдары Жамбыл облысы Қордай ауданы «Коммунистический» колхозында автослесарь болып жұмыс істеді.

1981 жылдан 1986 жылға дейін Фрунзе политехникалық институтында «Инженер-механик» мамандығы бойынша оқыды.

1986 жылы институтты бітіргеннен кейін Иссык-Ата автокөлік кәсіпорнының эксплуатация бастығы қызметіне жіберілді.

1988 жылы Автокөлік және автомобиль жолдары министрлігінің Иссык-Ата автокөлік кәсіпорнының № 4 автоколоннасының бастығы болып тағайындалды.

1991 жылы Автокөлік және автомобиль жолдары министрлігінің Иссык-Ата автокөлік кәсіпорнының директоры болып тағайындалды.

2000 – 2006 жж. – «Ақ марал Көмір» ЖШС директоры.

2006 жылы Алматы қаласы «Жібек жолы» халықаралық сауда орталығының директоры қызметіне тағайындалды.

2006 жылы Жамбыл облысы бойынша «Вынхуа» дүнген мәдени орталықтары Қауымдастығының құрметті төрағалығына сайланды.

2011 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Жамбыл облысы бойынша «Вынхуа» дүнген мәдени орталықтары Қауымдастығының құрметті төрағасы.

2010-2020 жж. – «Луми ЛТД» ЖШС бас директоры.

2022 жылы «Қазақстанның дүнген республикалық этномәдени орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің бақылау кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Қазіргі уақытта «BL Group 2030» ЖШС директоры.


Марапатталған мемлекеттік наградалары:

- II дәрежелі «Достық» ордені - 2018 ж.

- «Ел бiрлiгi» орденi - 24.10.2023.

- Астана қаласының 10 жылдығы медалі;

- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл медалі;

- Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл медалі;

- Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл медалі;

- Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 25 жыл медалі;

- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл медалі;

- «Жомарт жан» медалі;

- «Eңбек Даңқы» медалі;

-облыстың дамуына қосқан үлесі үшін Жамбыл облысы әкімінің медалі;

- аудан дамуына қосқан үлесі үшін Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің медалі;

- «Yздiк Депутат -2022» медалі;

-Қазақстан халқы Ассамблеясының «Алғыс» төсбелгісі;

-«AMANAT» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі;

- Жамбыл облысы әкімінің грамотасы;

- «Nur Otan» партиясының грамотасы;

- Қордай аудандық мәслихатының грамотасы;

-Жамбыл облыстық мәслихатының құрмет грамотасы (2022 ж.шілде);

- Еуразия кеңістігінде халықтар арасындағы достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін Еуразия халықтары ассамблеясының құрмет грамотасы;

- Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хаттары.

-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хаты.

- Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алғыс хаты.

Марапатталған қоғамдық наградалары:

- «Қазақстан экономикасының даңқы жұлдызы» ордені;

- «Кеден одағы елдерінің құрметті азаматы» ордені;

- Қырғызстан халқы Ассамблеясының «Азаматтық бейбітшілік пен этносаралық келісімді нығайту ісіне қосқан елеулі үлесі үшін» медалі.

Марапатталған номинациялары:

- «Жыл маманы»;

- «Сала көшбасшысы».


Шин Юрий Германович

«Қазақстан корейлер қауымдастығы» РҚБ президенті.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі.

Дүниежүзілік корей бейбітшілік саясаткерлері форумының мүшесі.

1986 жылы 22 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген, ұлты - корей.

Алматы қаласындағы Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

VII шақырылымда сайланған Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

Бизнес-құрылымдарда үлкен жұмыс тәжірибесі бар, қазіргі уақытта «Қазақстан химия зауыты» ЖШС құрылтайшысы.

Корея Республикасынан Қазақстан экономикасына инвестициялар тартуға белсенді атсалысып келеді.

Алматы облысында жаңа Алатау қаласын салу жобасын дамытуға қатысуда.

«Құрмет» орденімен, мерейтойлық және қоғамдық медальдармен марапатталған.

Возврат к списку