Қазақстан халқы Ассамблеясы

ҚХА Журналистер клубы

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этносаралық қатынастар бойынша Журналистер клубы Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясындағы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен этносаралық қатынастар, патриотизм, өзге ұлт өкілдерінің мәдениеті мен дәстүрін сыйлау сияқты тақырыптарды кеңінен насихаттау және дамыту мақсатында құрылды.

Клуб - толеранттылықты, ұлтаралық, қоғамдық келісімді және азаматтық бірлікті сақтаудағы БАҚ-тың күш-жігерін біріктіруге көмектесетін тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-сараптамалық алаң.

Клуб құрамына этносаралық қатынастар мәселелерін насихаттайтын республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының (жетекшілері, бас редакторлары, тілшілері) 25 журналисі кіреді.

Клуб мемлекеттік ұлттық саясатты жетілдіру, ұлтаралық келісім мен қоғамдағы тұрақтылықты нығайту бойынша ұсыныстар дайындайды; ұлтаралық тақырыптарды дұрыс жеткізу бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына ұсыныстар әзірлейді.

Жылына бір рет Журналистер клубының кеңейтілген отырысы ұйымдастырылып, жыл бойы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, қажет болған жағдайда клубтың жаңа төрағасы сайланады. Сондай-ақ, отырыста қатысушылар медиа – БАҚ, әлеуметтік желі, медиа мектеп сияқты салалардағы өздерінің сәтті жобаларын таныстырып, ашық алаң форматында тілшілер бір-бірімен пікір, тәжірибе алмаса алады.

Клубтың қолдауымен ҚХА жыл сайын журналистика кафедраларының студенттері арасында «Аңсар» әдеби байқауын және «Шаңырақ» этно-журналистика саласындағы шығармашылық байқауын өткізіп келеді.

ҚХА Журналистер клубының төрағасы -

Майя Бекбаева, KazakhTV бас директоры


ҚХА Журналистер клубы мүшелері

БЕКХОЖИН

Ерлан Қалижанұлы

«Хабар агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы

ҚЫДЫРӘЛІ

Дархан Қуандықұлы

«Egemen Qazaqstan»РГ» АҚ Басқарма төрағасы

МАЛДЫБАЕВ

Сәбит Ғалымжанұлы

Казахстанская правда» газеті редакторының орынбасары

ОМАРОВ Асқар Қуанышұлы

«Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің бас директоры

ОМАРОВ Жанай Сейітжанұлы

Журналист, публицист

МҰҚАНОВА Ралида Меңдігерейқызы

«Алматы» телеканалы директорының орынбасары

ОМАРОВ Бақытжан Бауыржанұлы

«Хабар -24» телеарнасының бас редакторы

САЙДАХМЕТОВА Гүлжазира Амангелдіқызы

«Вечерний Алматы» газеті бас редакторының орынбасары

ТРЕГУБОВА Виктория Вячеславна

«77» коммерциялық телеарнасының жүргізуші-редакторы

РОЖИН Максим

Тележурналист

ЛОСКУТОВА Оксана Павловна

Тележурналист

ИДРИСОВ Руслан Альбертұлы

Корреспондент мультимедийный канала «Atameken Business»

ВАВУЛИДИ Мелина Владимировна

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенті

ЖҰМЫРБАЕВ Тимур Ғабдулұлы

ҚХА «Жаңғыру жолы»жастар қозғалысының төрағасы

АЛИЕВ Гасан Авдоевич

«Жйина курд» республикалық газетінің бас редакторы

АСМАТОВ Ершат Моллахунұлы

«Уйғуравази» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы

КИМ Константин Станиславович

«Коре Ильбо» республикалық газетінің бас редакторы

ЧЕЧЕТКИНА Алла Сергеевна

Қостанай облыстық телеарнасының журналист-директоры

ТОҚТАРБАЙ Ердос Нүсіпұлы

Халықаралық «Түркістан» газетінің тілшісі

ЧЕРКАШИНА Виктория Викторовна

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің студенті

Қалиева Нұргүл Маратқызы

https://assembly.kz/ru/ порталы бас редакторының міндетін атқарушы

Байдәулет Қаншайым Мәуленқызы

ҚХА Баспасөз хатшысы

Жақсымбетова Ботагөз Жарқынбекқызы

ҚХА Баспасөз қызметкері

Амантай Дана Еркінқызы

ҚХА Баспасөз қызметкері

Возврат к списку