Қазақстан халқы Ассамблеясы

709

Андрей Кораблев: Қазақстанның Тұңғыш Президентіне деген сенім мен құрмет әлемде жоғары деңгейде

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Хабар» телеарнасына берген сұхбатын үлкен қызығушылықпен тамашаладым. 

Өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы оның шешіміне байланысты көптеген қорқыныш пен қауіптер өткенде қалды және Қазақстан таңдаған сабақтастық жолы бойынша сенімді түрде қозғалуда. Елбасы өзі үшін басты міндет - Қауіпсіздік кеңесінің жұмысын қамтамасыз ету, «Нұр Отан» партиясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясын басқару деп атап өтті.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанның мүдделерін түрлі халықаралық ұйымдарда Құрметті төраға ретінде белсенді түрде танытуды жалғастыруда.

Осындай өзара іс-қимыл еліміздің мүддесі үшін жүріп жатыр, өйткені Қазақстанның Тұңғыш Президентіне деген сенім мен Құрмет әлі күнге дейін бүкіл әлемде жоғары деңгейде.

 

Андрей Кораблев,

Атырау облысы ҚХА

«Былина» Орыс этномәдени 

бірлестігінің төрағасы

Кейін қарай